ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Трамп баж салығын кейінге шегергеннен кейін Азия акциялары мен алтын бағасы көтерілді
Технологиялық компаниялардың көмегімен Гонконгтың қор нарығы екі жарым пайыздан астам өсті. Токио, Шанхай, Сидней, Сеул, Сингапур, Веллингтон, Тайбэй және Маниладағы қор нарықтарында да айтарлықтай өсім байқалды.
Трамп баж салығын кейінге шегергеннен кейін Азия акциялары мен алтын бағасы көтерілді
/ AP

Дональд Трамп электрондық өнімдерді тарифтен босатқаннан кейін сауда соғысы алаңдаушылықтары азайып, Азия қор нарығы көтерілді. Алайда бұл жеңілдік қысқа мерзімді болуы мүмкін деген қауіптен доллар төмендеп, алтын жаңа рекорд жаңартты.

Өткен аптадағы құбылмалы жағдайлардан кейін дүйсенбі күні биржа салыстырмалы түрде тұрақты басталды. Бұған жұма күні Ақ Үйдің смартфондар, жартылай өткізгіштер, компьютерлер және басқа да құрылғыларды өзара тарифтерден босату туралы мәлімдемесі себеп болды.

Бұл мәлімдеме АҚШ президентінің кедендік тарифтік шешімдерінде қарама-қайшы көзқарастары мен Қытайдың жауап қадамдарынан кейін қобалжыған инвесторларға үміт сыйлады.

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің шенеуніктері қаржы нарықтарын қолдау үшін араласуға дайын екенін мәлімдеген кейін Уолл-стриттің үш негізгі индексі сол күнді жоғары өсіммен аяқтады.

Жаңа жартылай өткізгіштерге салық

Бірақ Трамп жексенбі күні жеңілдіктер дұрыс түсінілмегенін айтып, «Truth Social» платформасына «ЕШКІМ бұл салықтан жалтармайды, әсіресе бізбен нашар қарым-қатынастағы Қытай!» , -деді. Ол сондай-ақ келесі аптада жаңа жартылай өткізгіш тарифін жариялайтынын мәлімдеді.

Сауда министрі Ховард Лутник чиптерге қатысты тариф «бір-екі ай ішінде» енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Қытай президенті Си Цзиньпин дүйсенбі күні протекционизм ешқандай нәтиже бермейтінін және сауда соғысында жеңімпаздар болмайтынын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Пекиннің АҚШ тауарларына 125 пайыздық баж салығын енгізгеннен кейін жасалды, бірақ Қытай болашақта жауап шараларын қолданбайтынын меңзеді.

Вашингтон Қытай тауарларына тарифтерді 145 пайызға дейін көтеріп, сәрсенбі күні жарияланған 90 күндік жеңілдік мерзімінен Қытайды шығарып тастады.

Трамптың сауда саясатындағы белгісіздігі қор нарығында үрей туғызып қана қоймай, әлемдегі ең ірі экономиканың болашағына алаңдаушылық тудырды, доллардың да әлсіреуіне әкелді. Дүйсенбі күні доллар құлдырауын жалғастырды, еуро үш жылдық ең жоғары деңгейге, ал швейцариялық франк он жылдық ең жоғары деңгейге жетті.

Алтын бағасы өсті

Қазынашылық облигациялар да қысымға ұшырауда, себебі Қытай мен басқа елдер өздерінің үлкен қорларын сатуы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Бұл АҚШ-тың сенімді актив ретіндегі позициясына күмән келтіруі мүмкін.

Алтын құбылмалы кезеңдердегі қауіпсіз актив ретінде дүйсенбі күні $3,245.75 доллармен жаңа шыңға көтерілд. Оған әлсіреген доллар да ықпал етті.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?