ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия елші Мехмет Гүллүоглуны Палестинаға гуманитарлық көмек координаторы етіп тағайындады
Түркия Газаға жедел гуманитарлық көмек көрсету, уақытша баспана тұрғызу және Палестинаны қайта қалпына келтіру үшін барлық ресурстарын жұмылдыруда.
Түркия елші Мехмет Гүллүоглуны Палестинаға гуманитарлық көмек координаторы етіп тағайындады
Түркия елші Мехмет Гүллүоглуны Палестинаға гуманитарлық көмек координаторы етіп тағайындады / AA

Елші Мехмет Гүллүоглу Газа аймағындағы гуманитарлық көмек жұмыстарын бақылау және тиісті мекемелер мен жергілікті билік органдарымен үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Палестинаға гуманитарлық көмек координаторы болып тағайындалды.

Гүллүоглу Газаға қажетті гуманитарлық көмек пен ең қажетті заттарды анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының агенттіктерімен бірге жұмыс істеп, олардың аймақтағы қызметіне қолдау көрсетеді. Сонымен қатар ол аймақтағы түрік мекемелерімен бірге Түркиядан жіберілетін көмектің мұқтаж жандарға жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Гүллүоглу Мысыр мен Иордания арқылы жіберілетін көмектерге қатысты жергілікті билік органдарымен кездесу өткізіп, науқастарды эвакуациялау шараларымен бірге Түркияның Газаның медицина саласына көрсетіп отырған қолдауын күшейтеді.

Түркияның Газадағы гуманитарлық көмектері

Түркия гуманитарлық көмек көрсету саласында мықты мемлекет. Қақтығыстар, табиғи апаттар мен жаппай көші-қон жиі болатын өңірде орналасқан Түркия Палестина мен Сирия сияқты көрші елдерге, сондай-ақ әлемнің өзге де аймақтарындағы мұқтаж жандарға, тілі мен дініне, нәсіл мен  жынысына қарамастан жедел көмек жеткізіп келеді.

Израиль шабуылдары басталғалы бері Түркия Газаға ең ірі гуманитарлық көмек жеткізуші елдердің бірі. Осы аяда Түркия 2023 жылдың қазан айынан бері теңіз және әуе жолдары арқылы Газаға 102 мың тонна гуманитарлық жүк жөнелтті.

Газада орнаған бітім тұрақты әрі жеткілікті деңгейде гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік беруде. Осы көмектің жалғасы ретінде Түркия 2025 жылдың 14 қазанында Мерсин портынан Мысырдағы әл-Ариш портына шамамен 865 тонна гуманитарлық жүк тиелген кеме жіберді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды