САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израильдің Газаға жасаған жаңа шабуылдарында ондаған палестиналық қаза тапты
Палестина мәліметтеріне сәйкес Израиль армиясы 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторы бойынша 234 баспанаға соққы берді.
Израильдің Газаға жасаған жаңа шабуылдарында ондаған палестиналық қаза тапты
/ AA

«Соғыс жүріп жатқан Газа секторында Израильдің жаңа шабуылдарынан кемінде 54 палестиналық қаза тауып, ондаған адам жараланды», - деп хабарлады дәрігерлер.

«Сәрсенбі күні Израильдің Газа қаласының Туффа ауданындағы баспанаға айналған мектепті бомбалауынан 16 адам қаза тапты»,- деп хабарлады денсаулық сақтау дереккөзі. Дереккөздің хабарлауынша үйінді астында әлі де бірнеше адам қалған.

Сәрсенбі күнгі Израильдің Газаның орталығындағы Бурейж босқындар лагеріндегі мектепке жасаған шабуылынан кемінде 33 адам қаза тауып, 73 адам жараланған соң бір күн өткеннен кейін болды.

Газа үкіметінің БАҚ кеңсесі жариялаған мәліметтерге қарағанда 2023 жылдың қазан айында қырғын соғыс басталғаннан бері Израиль армиясы кем дегенде 234 баспана мен қоныс аудару орталығын нысанаға алған.

Тағы бір денсаулық сақтау дереккөзінің хабарлауынша Газадағы Вахда көшесінде адам көп жиналған базарға жасалған тағы бір шабуылда кемінде 22 адам қаза тапқан. Дереккөз құрбандар арасында бірнеше бала мен журналист бар екенін мәлімдеді.

Анадолы агенттігі тілшісінің хабарлауынша шабуыл базар халық лық толы кезде жасалған. Нысанаға алынған аймақта көптеген дүкен мен дүңгіршек болатын.

Анадолы агенттігіне денсаулық сақтау дереккөзінің хабарлауынша Хан Юнис қаласындағы үйді нысанаға алған тағы бір шабуылда 8 адам, оның ішінде бір бала қаза тапты.

Дәл осы дереккөз сол қаланың шығыс бөлігінде Израиль күштерінің Бани Сухайла қаласындағы бір үйге жасалған шабуылда бір палестиналық пен әйелінің қаза тапқанын айтты.

Дәрігерлердің айтуынша Израиль армиясы Газаның орталығындағы Дейр әл-Балахтағы Мунасира босқындар лагерінде тағы үш палестиналықты, оның ішінде бір баланы өлтірген.

Израиль әуе күштерінің Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия босқындар лагерінің Тель әл-Заатар ауданындағы бір үйге жасаған шабуылында тағы үш адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Куәгерлердің айтуынша Израиль әскері орталық елді мекендегі Нусайрат босқындар лагерінде үйлерді бұзу жұмыстарын жүргізген.

Израиль армиясы 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газаға қатыгез әскери шабуыл жасап, 52 600-ден астам адамды өлтірді. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.

Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газадағы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алуға ордер шығарған болатын. Израиль анклавтағы соғысқа байланысты Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келіп отыр.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды