ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Индонезия 426 миллион долларлық метамфетамин мен кокаин тасымалдаған кемені ұстады
Индонезия — әлемде есірткіге қарсы ең қатал заңдарға ие елдердің бірі. Бұл елде есірткі саудасына өлім жазасына дейін жаза беріледі.
Индонезия 426 миллион долларлық метамфетамин мен кокаин тасымалдаған кемені ұстады
/ AFP

Индонезия Әскери-теңіз күштері жұма күні жасаған мәлімдемесінде осы аптада Суматра жағалауында шамамен 426 миллион доллар тұратын екі тоннаға жуық метамфетамин мен кокаин тиеген кемені ұстағанын хабарлады. Кемедегі бір Таиланд азаматы мен төрт Мьянма азаматы тұтқындалды.

Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, кеме Риау аралдары провинциясындағы Танджунг Балаи Каримун маңында шамдарын сөндіріп, жылдамдығын арттырып, Индонезия су аймағынан қашпақ болған кезде қолға түскен.

Әскери-теңіз күштерінің өкілі И Маде Вира Хади Арсанта Вардхана таратқан мәліметке сәйкес шамамен 1,2 тонна кокаин мен 705 килограмм метамфетамин салынған 100-ге жуық сары және ақ қап тәркіленген. Бұл есірткілердің нарықтық құны 7 триллион рупияға (425,92 миллион доллар) тең екені айтылды.

Таиланд туын көтеріп жүрген кеме Танджунг Балаи Каримун қаласындағы әскери-теңіз базасына жеткізілгені мәлім болды. Экипаж мүшелерінің ұлты жарияланғанымен, шыққан жері туралы нақты ақпарат берілмеді.

Әскери-теңіз күштерінің өкілі Фаузи баспасөз мәслихатында: «Есірткілердің нақты қайдан жеткізілгені және кеме қай бағытта қозғалғаны жөніндегі тергеу жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді. Бұл операция ел тарихындағы ең ірі есірткі рейдтерінің бірі ретінде сипатталды.

БҰҰ-ның Есірткі және Қылмыс жөніндегі басқармасының 2024 жылғы есебіне сәйкес, 2023 жылы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда ұйымдасқан қылмыстық топтар құқық қорғау жүйесінің әлсіздігін пайдаланып, есірткі тасымалын күшейткен. Сол жылы тәркіленген 190 тонна метамфетамин тарихи рекорд болған. Есірткі тасымалының басым бөлігі Таиланд шығанағы арқылы жүзеге асқан.

«Алтын үшбұрыш» — Мьянманың солтүстік-шығысы мен Таиланд және Лаос шекарасындағы орналасқан және ұзақ жылдан бері есірткі өндірісімен аты шыққан аумақ. Бұл өңірден шыққан есірткі әдетте Азиядағы қылмыстық картельдер арқылы Жапония мен Жаңа Зеландияға дейін таратылады.

БҰҰ-ның 2023 жылғы жаһандық кокаин есебі бойынша, 2022 жылы Ява аралындағы Мерак портына жақын теңіз суларынан 179 килограмм кокаин табылған. Бұл сол уақыттағы елдегі ең ірі кокаин тәркілеу оқиғасы ретінде тіркелген.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты