ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран: «АҚШ шабуылдарына қарсы толық кепілдік берілмейінше, ядролық келіссөздерге қайта оралмаймыз»
Иранның жоғары дәрежелі дипломаты өз елінің ядролық бағдарламасына қатысты берік ұстанымын қайталап, оны «ұлттық мақтаныш пен даңқ» деп атады және «Тегеран оңайлықпен шегінбейді» деді.
Иран: «АҚШ шабуылдарына қарсы толық кепілдік берілмейінше, ядролық келіссөздерге қайта оралмаймыз»
/ AA

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи ядролық келіссөздердің қайта басталуы АҚШ-тың Тегеранға қарсы әскери шабуыл жасамайтынына нақты кепілдік беруіне байланысты екенін айтты.

«Мен келіссөздер дереу басталады деп күтпеймін», - деді Аракчи сейсенбі күні «CBS News»-ке берген сұхбатында.

«Келіссөздер қайта басталмас бұрын АҚШ-тың келіссөздер жүріп жатқан кезде бізге әскери шабуыл жасамайтынына кепілдік қажет. Барлық факторларды ескерсек, бізге көбірек уақыт керек», – деп қосты ол.

Бұл мәлімдемелер өңірге ауқымды соғыс қаупін төндірген 12 күндік қақтығыстан кейінгі дипломатиялық байланыстар барысында жасалды.

Дүйсенбі күні Ақ Үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Иран шенеуніктері арасындағы келіссөздерді растап, шиеленісті азайтуға сақтық танытқанын білдірді.

«Ұлттық мақтаныш пен даңқ мәселесі»

Аракчи Иранның ядролық бағдарламасына қатысты берік ұстанымын қайталап, «Бұл ұлттық мақтаныш пен даңқ мәселесі және Тегеран одан оңайлықпен бас тартпайды»,- деді. Ол сондай-ақ Иранның соңғы қақтығыстар кезінде өзін қорғау қабілетін дәлелдегенін баса айтты.

«12 күндік соғыста біз өз егемендігімізді қорғай алатынымызды дәлелдедік. Егер шабуылдар қайта басталса, біз батыл жауап береміз»,- деді Аракчи.

Қақтығыс 13 маусымда Израильдің Ирандағы әскери, ядролық және азаматтық нысандарға шабуылдауымен басталған болатын. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда шабуылдарда кем дегенде 935 адам қаза тауып, 5300-ден астамы жараланған.

Бұған қарымта шабуыл ретінде Иран Израиль нысандарына зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады. Иерусалимдегі Еврей университеті таратқан мәліметтерге сәйкес, бұл шабуылдарда кемінде 29 адам қаза тауып, 3400-ден астам адам жарақат алды.

АҚШ Иранның Фордо, Натанз және Исфахандағы ядролық нысандарына әуеден соққы бергеннен кейін қақтығыс одан әрі ушығып, ауқымды аймақтық соғысқа ұласып кетуі мүмкін деген үрей тудырды.

24 маусымда АҚШ-тың араағайын болуымен атысты тоқтату келісімі күшіне еніп, қақтығыс уақытша тоқтатылды.

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді