ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жүйе заңдылық дағдарысын бастан кешіруде»
Президент Режеп Тайып Ердоған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық жүйенің барлық салада сенімінен айырылғанын айтып, бейбітшілік, тұрақтылық пен әділдікке қайта назар аударуға шақырды.
Ердоған: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жүйе заңдылық дағдарысын бастан кешіруде»
Ердоған: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жүйе заңдылық дағдарысын бастан кешіруде» / AA

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған жұма күні Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жеңіске жеткен тараптар құрған халықаралық жүйенің барлық салада үлкен заңдылық дағдарысына ұшырағанын мәлімдеді.

Түркия Республикасы Президенті жанындағы Коммуникация басқармасы Стамбулда ұйымдастырған «Stratcom Summit ‘26» халықаралық стратегиялық коммуникациялар саммитіне жолдаған бейнежолдауында Ердоған «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жеңімпаздар қалыптастырған халықаралық жүйе барлық салада дерлік үлкен заңдылық дағдарысын бастан кешіруде. Жүйенің негізін құрайтын институттар, ережелер мен құндылықтар жиынтығы күн өткен сайын өз миссиясынан айрылып барады», — деді.

Ердоған өз жолдауында мына мәселелерді атап өтті: «Біз билік үшін бәсекелестік энергия, технология және сауда сияқты әртүрлі салаға тараған, мәселелер диалогтың орнына қарумен шешілуге тырысатын, геноцидтер, соғыстар мен дағдарыстар барған сайын өршіп бара жатқан қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Газадағыдай бәріміздің қабырғамызды қайыстыратын қасіреттердің аяқталуы, аймағымыздан бастап бүкіл әлемде бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылықтың қайта орнауы бұрын-соңды болмағандай маңызды».

ҚатыстыTRT Қазақ - "Түркия "от шеңберінен" тыс болуға бел байлады"

Шындықты бұрмалау үшін құрастырылған жаңа және жалған нарративтердің алдын алу үшін коммуникация мен ынтымақтастық механизмдерін нығайту қажеттігіне назар аударған президент мемлекеттер мен үкіметтерден бөлек, академиктерді, азаматтық қоғам мен сараптамалық орталықтарды, халықаралық акторларды көбірек бастама көтеріп, белсенді болуға шақырды.

Ердоған: «Түркия ретінде гуманитарлық құндылықтар мен әділдікті негізге алатын принципті, табанды және бейбітшілікті көздейтін ұстанымымызды сақтауды; тек аймағымызда ғана емес, бүкіл әлемде тыныштық пен қауіпсіздікті қайта орнату үшін барлық мүмкіндіктерімізді жұмылдыруды табандылықпен жалғастырамыз», — деп түйіндеді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды