ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Дін істері басқармасы 15 шілде күнін іс-шаралармен атап өтеді
Дін істері басқармасы 15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күніне орай ел көлемінде еске алу және дұға ету бағдарламаларын ұйымдастырады.
Дін істері басқармасы 15 шілде күнін  іс-шаралармен атап өтеді
/ AA

Басқарманың хабарламасына сәйкес, бүгін ел көлемінде еске алу және дұға ету бағдарламалары өткізіледі.

Іс-шаралар аясында барлық уәлаят мүфтияттарында барлық шейіттердің, әсіресе 15 шілдеде қайтыс болғандардың рухына бағышталып 81 мың дұға оқылады.

Түскі намаздың алдында барлық мешіттерде шейіттердің рухына бағышталып, Құран оқылады.

Президенттік Ұлттық мешітте өткізілетін Мәуліт әл-Шариф бағдарламасы «Diyanet» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ шілденің 15-інен 16-сына қараған түні барлық мешіттерде сағат 00:13-те бір мезгілде азан шақырылады және мешіт мұнараларының шамдары таң атқанша жанып тұрады.

Сәрсенбі күні таңертең барлық мешіттерде таң намазында кездесу өткізіледі.

Қалаларда орталық алаңда еске алу шараларында Құран оқылып, дұға бағышталып, облыстық және аудандық мүфтиліктердің делегациялары шейіттер зираттарына, шейіт жанұялары мен ардагерлерге барады.

Жазғы Құран курстарында «15 шілде және дін қызметкерлері» тақырыбында арнайы іс-шаралар өткізіледі, ал жастарға қызмет көрсету орталықтарында жастарға діни бағытта ақпарат беріледі.

«Diyanet»  радиосы да азаматтарға тақырыпқа байланысты аудио жазбалар жариялайды.

 

Іздеу
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді