Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иранға қарсы жаңа шабуылдардың басталуын және өңірдегі тұрақсыздықтың одан әрі күшеюін қаламайтындарын мәлімдеді.
Ердоған Әзербайжаннан қайтар жолда журналистерге мәлімдеме жасады.
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіске қатысты пікір білдірген Ердоған:
«Біз Иранға қарсы жаңа шабуылдардың басталуын және өңіріміздегі тұрақсыздықтың одан әрі күшеюін қаламаймыз. Мәселелерді диалог пен дипломатия арқылы шешуге болатынын әрдайым айтып келеміз. Өкінішке қарай, жағдайдың қайтадан шиеленісе бастағанын байқап отырмыз. Бұған жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бұл мәселелерді АҚШ президенті Дональд Трамппен талқылап, алаңдаушылығымызды білдірдім. Бейбітшілік пен дипломатияға жол ашу үшін араағайын болуға дайын екенімізді тараптарға жеткіздік», – деді.
Президент тараптар ақылға қонымды шешім қабылдайтынына үміт білдіріп, қақтығыстардың одан әрі күшеюі өңірге тек шығын әкелетінін айтты.
Президент соғыстың зардабын тек қақтығысқа қатысушы тараптар ғана тартпайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Түркия мен Парсы шығанағы елдерінен бастап, Ирак пен Сирияға, Еуропа мен Азияға дейінгі кең аумақ осы жағдайдың салдарын сезініп отыр.






















