САЯСАТ
1 ... минут оқылды
ЕО Иранға қарсы санкцияларды қайта енгізетінін мәлімдеді
Батыс лидерлері санкциялардың қайта енгізілуіне қарамастан диалог арналарының ашық қалатынын атап өтуде.
ЕО Иранға қарсы санкцияларды қайта енгізетінін мәлімдеді
Иранға санкциялар / Reuters

Еуропалық Одақ Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық бағдарламасына байланысты Иранға қарсы санкцияларды қайта күшіне енгізуінен кейін осыған ұқсас шаралар қабылдайтынын хабарлады.

БҰҰ өткен демалыс күндері батыс елдерінің 2015 жылғы ядролық келісім аясында «санкцияларды қайта енгізу тетігін» іске қосуының нәтижесінде осындай қадам басты.

27 мүшелі блок қайта енгізген санкциялар Тегеранның ядролық және баллистикалық зымыран қызметіне қатысты операцияларды шектейтін БҰҰ шараларын қамтиды.

Сонымен қатар бұл санкциялар Иран Орталық банкінің активтерін бұғаттау секілді қаржылық шараларды да қамтитын кең ауқымды сипатқа ие.

Тегеран БҰҰ санкцияларының қайта күшіне енуін «әділетсіз» деп атап, бұл шешімді айыптады.

Батыс елдерінің көшбасшылары санкциялардың қайта енгізілуіне қарамастан диалог арналары ашық қалатынын ерекше атап өтті.

«Дипломатияның соңы емес»

Еуропалық Одақтың жоғарғы дипломаты Кая Каллас жексенбі күнгі мәлімдемесінде санкциялардың қайта енгізілуі «дипломатияның соңы болмауы тиіс» деді.

Иран ядролық қаруды көздемейтінін және Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа адал болып қала беретінін хабарлады.

Алайда Тегеран Лондон, Париж және Берлиндегі елшілерін кеңесуге шақырып, Батыс елдерін «ауыр салдар»  туралы ескертті.

Ресей мен Қытайдың санкцияларды қайта енгізуді кешіктіру мақсатында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жасаған бастымасы сәтсіз аяқталды. Бұл екі мемлекет аталған қадамның Таяу Шығыстағы шиеленісті күшейтуі мүмкін екенін хабарлады.

Қарар жобаларына Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің тек төртеуі ғана дауыс берді.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды