ЭКОНОМИКА
4 минут оқылды
Түркия-Африка іскерлік және экономикалық форумы ортақ декларациясы жарияланды
Сауда министрі Өмер Болат: «Африкаға деген көзқарасымыз бауырластық, әділдік және теңдік, өзара құрмет және құрлық елдерімен серіктестік қағидаттарына негізделген." деді.
Түркия-Африка іскерлік және экономикалық форумы ортақ декларациясы жарияланды
Түркия-Африка іскерлік және экономикалық форумы ортақ декларациясы жарияланды / Others
17 Қазан 2025

Сауда министрі Өмер Болат: «Африкаға деген көзқарасымыз бауырластық, әділдік және теңдік, өзара құрмет және құрлық елдерімен серіктестік қағидаттарына негізделген. TABEF саммитіміздің тақырыбы жаһандық экономикалық белгісіздікте жолды жалғастыру, жаһандық сын-қатерлерге қарсы күш біріктіру және Түркия-Африка серіктестігін нығайту» деді.

Сауда министрлігінің қонақжайлығында Африка Одағының үйлестіруімен және Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі (DEİK) ұйымдастырған Түркия-Африка іскерлік және экономикалық форумы (TABEF) Стамбул конгресс орталығында жалғасуда. Анадолы агенттігі (AA) жаһандық коммуникация серіктесі болып табылатын «Түркия-Африка қарым-қатынастарын нығайту арқылы ортақ табыстарды бөлісу» тақырыбымен ұйымдастырылған форум аясында «Түркия-Африка іскерлік және экономикалық форумы ортақ декларациясы» жарияланды.

 Шара үшін ұйымдастырылған жиналыста сөз сөйлеген Сауда министрі Өмер Болат бүгін басталып, ертең аяқталатын ауқымды жиынға  Африканың 27 елінен және 4 аймақтық ұйымнан 28 министр, көптеген министр орынбасары, жоғары деңгейдегі өкілдер және 4000-ға жуық африкалық және түрік іскерлері қатысқанын айтты.

 Болат ресми отырыстармен қатар көптеген бағыттар бойынша панельдер, көрмелер, іскерлік кездесулер өткенін атап өтті. Ол «TABEF Түркия мен Африка арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуды және Африканың дамуына үлес қосуды мақсат етеді» деді. Болат Түркия мен Африка арасындағы сауда көлемі және басқа салалардағы өзгерістерге тоқталып, "Түркия-Африка қарым-қатынастары сауда, инвестиция, келісім-шарттар, қызмет көрсету секторы, көлік және энергетика салаларында ерекше ілгерілеушілікке қол жеткізді. Түркияның Африкамен сыртқы саудасы 2003 жылы 5,4 миллиард доллар болса, өткен жылы 37 миллиард долларға өсті. Биыл бұл көрсеткіш 40 миллиард долларға жетеді деп есептейміз" деді.

 «Біздің Африкаға көзқарасымыз серіктестікке негізделген»

Министр Өмер Болат Африкада ашылған елшіліктер санының артуы, Түрік Әуе жолдарының ұшатын бағыттары және түрік мердігер компанияларының қолға алған жобаларының көлемі туралы сөз қозғап, сөзін былай деп түйіндеді:

"Халық саны 1,5 миллиардтан асатын Африка құрлығы 2050 жылға қарай әлем халқының төрттен бірін құрайтын болады. Африка өзінің бай ресурстарымен, ішкі нарығымен және жас халқымен әлемнің болашақ экономикалық дамуының қозғаушы күшіне айналады. Түркия Республикасы ретінде Африкаға деген көзқарасымыз бауырластық, әділеттілік, теңдік пен құрмет қағидаттары негізінде құрылған. Осы контекстте біздің TABEF саммитінің тақырыбы жаһандық экономикалық белгісіздікте алға жылжу, жаһандық сын-қатерлерге қарсы күш біріктіру және Түркия-Африка серіктестігін нығайту болып табылады.

 «Біз сауда көлемін одан әрі арттырғымыз келеді»

 Африка Одағының экономикалық даму, сауда, туризм, өнеркәсіп және тау-кен ісі жөніндегі комиссары Франсиска Татчуоп Белобе де өзгермелі жаһандық контекст аясында өткізілген форумның маңызды екенін айтты.

Белобе жаһандық экономиканың айтарлықтай күйзеліске ұшырағанын және инфляциялық қысымдар, үзілген жеткізу тізбегі, климаттық күйзеліс және шиеленіскен геосаяси шиеленістердің серпінді серіктестіктерге итермелейтінін атап өтті. Белобе бірлескен инвестициялар мен жобалар арқылы қарым-қатынастарды нығайту қажеттігін атап өтіп, былай деді:

 "Осы мағынада Түркия мен Африка бұл жолды нөлден бастап жатқан жоқ. Бұрыннан келе жатқан  іргетас бойынша нығайып жатырмыз. Биыл бұл форум бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Біз бұрынғы төрт Африка-Түркия іскерлік және экономикалық форумында  қол жеткізгендерімізді әрі қарай дамытқымыз келеді, тіпті одан да жоғары болғымыз келеді және Түркия мен Африка елдері арасындағы бұрын айтылған тікелей инвестицияларды одан әрі арттыру арқылы алға жылжуды қалаймыз» 

Бағыттар анықталды

  ТР Сауда министрі Болат пен Африка Одағының Экономикалық даму, сауда, туризм, өнеркәсіп және тау-кен істері жөніндегі комиссары Белобе қатысқан жиында «Түркия-Африка іскерлік және экономикалық форумы ортақ декларациясы» жарияланды.

«Түркия мен Африка арасындағы стратегиялық экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және өзара тиімді серіктестік арқылы тұрақты дамуды ілгерілету» мақсатымен өткізілген форумның декаларациясында қазіргі жаһандық экономикалық белгісіздік жағдайында Түркия мен Африка арасында ұзаққа созылатын, қамтитын және түрлендіретін экономикалық серіктестіктер құрудың маңыздылығына тоқталды.

Екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ұмтыла отырып, форум іскер топтар мен үкіметтер арасындағы ынтымақтастық пен диалог белгіленген негізгі бағыттар сындарлы және серіктестік аясында жалғасады деп үміттенетінін білдірді.

 Бұл негізгі бағыттар - «азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты азық-түлік өндірісі ынтымақтастығы», «Түркия-Африка халықаралық азаматтық авиация ынтымақтастығы», «фармацевтикалық және медициналық мақсаттағы бұйымдар секторы», «Түркия-Африка логистикалық хаб», «әйелдер көшбасшылығы және кәсіпкерлік», «бәсекеге қабілетті және бірлескен тоқыма секторы және Африкадағы тоқыма өнеркәсібі», қаржыландыру қажеттіліктері» және «сауда, технология және цифрлық өндіріс».

Биыл бесінші рет өткізілген форумның нәтижелерін жүзеге асыру келісіліп, Түркия-Африка экономикалық және іскерлік форумыың алтыншысы 2027 жылы өткізу туралы шешім қабылданды.

Іздеу
Ирак–Түркия құбырынан мұнай тасымалы қайта басталды
АҚШ-тағы "Starbucks" кофе желісі жүздеген қызметкерді жұмыстан босатуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Түркия мен АҚШ сауда айналымы туралы пікір білдірді
Үндістан Израильмен инвестициялық келісімге қол қойды
«Трамптың 50%-дық тарифтері елдің жалпы ішкі өнімін 0,6%-ға төмендетуі мүмкін»
Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі АҚШ-қа барады
Қытай агенттігі АҚШ-тың қара тізіміне енгізілген Газпромға "AAA" рейтингін берді
Сирия Асадтан кейінгі Даму Қорын іске қосты
Егер бейбіт келіссөздер сәтсіздікке ұшыраса, АҚШ Украинаға санкция салуы мүмкін
АҚШ Үндістан тауарларына 25 пайыздық қосымша салық енгізді
Түрік экономикасы соңғы 22 жылда қалай өзгерді?
Түркия алғашқы жартыжылдықта 6,3 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартты
Трамп Қытайға қатысты тарифті 90 күнге ұзартты
Трамп Ресей мұнайын сатып алатын елдерге қосымша санкция салуға уәде берді
«ASELSAN» рекордтық деңгейде экспорттық келісімшартқа қол қойды
АҚШ Оңтүстік Кореямен сауда келісімін жасасты