ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия: «Сирия армиясы YPG террор ұйымына қарсы операция жүргізуде»
Түркия Қорғаныс министрлігі Анкараның Сирия өтініш жасаған жағдайда қажетті қолдауды көрсететінін мәлімдеді.
Түркия: «Сирия армиясы YPG террор ұйымына қарсы операция жүргізуде»
Түркия: «Сирия армиясы YPG террор ұйымына қарсы операция жүргізуде» / AP

Түркияның Қорғаныс министрлігі YPG террор ұйымына қарсы Алеппода жүргізіліп жатқан операцияны толықтай Сирия армиясы жүзеге асырып жатқанын және жағдайдың жіті бақылауда екенін мәлімдеді.

Министрлік мәлімдемесінде «Сирияның қауіпсіздігі ˗ біздің қауіпсіздігіміз. Жағдай мұқият қадағалануда. Еліміз Сирияның бірлігі мен аумақтық тұтастығы үшін террор ұйымдарына қарсы күресті қолдайды. Сирия өтініш жасаған жағдайда Түркия қолдау көрсетеді», - делінген.

Сирия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл лаңкестік ұйым бейсенбі күні Солтүстік Алепподағы тұрғын аудандарды үш күн қатарынан артиллериялық атқылауға алған.

Бейбіт тұрғындар тұратын аймақтарға шабуыл

Артиллериялық атқылаулар YPG тарапынан жасалған шабуылдардың ең соңғысы. Бұл шабуыл салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, 39 адам жарақат алды.

Сирия билігінің дерегіне сәйкес, шабуыл салдарынан 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Қақтығыс салдарынан Алеппо әкімшілігі бейсенбі күні қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мектептер мен университеттерде сабақтарды тоқтату мерзімін ұзартты.

2025 жылдың 10 наурызында Сирия үкіметі YPG-ні мемлекеттік құрылымдарға интеграциялауды көздейтін келісімге қол қойылғанын, елдің аумақтық тұтастығының қайта расталғанын және бөлінуге бағытталған әрекеттердің қабылданбайтынын хабарлаған болатын.

Сирия билігі сол уақыттан бері YPG-нің келісім шарттарды орындау үшін ешқандай нақты қадам баспағанын айтып келеді.

Сирия үкіметі 2024 жылдың 8 желтоқсанында Башар Асад режимі күйрегеннен кейін, ел аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш-жігерін арттырды.

Іздеу
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Сыртқы істер министрі Фидан Иерусалим мәселесіне арналған министрлер кездесуіне қатысады
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік барлау қызметінің басшысы  ХАМАС көшбасшысымен кездесті
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік әуе жолдары рекорд жаңартты
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті
Президент Ердоғанға қастандық жасамақ болған ФЕТӨ мүшесі ұсталды
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газадағы шабуылдарын айыптады
Түркияның «F-16» ұшақтары НАТО аясындағы кезекшілікті қабылдады
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты
Түрік тілінің деңгейін анықтау емтиханына (TYS) өтінім қабылдау басталады
Сабиха Гөкчен әуежайы 2026 жылдың алғашқы жартысында Еуропаның ірі әуежайларын басып озды
Президент Ердоған Ливан президенті Аунмен кездесті
TİKA угандалық әйелдердің кәсіби білім алуына қолдау көрсетті