Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер электрондық сауданы, биржаларға өзара қолжетімділікті және академиялық дәрежелерді тануды қамтитын үш ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті.

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиевтің ұйытқы болуымен өткен отырысқа Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов, Беларусь премьер-министрі Александр Турчин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабак және Кубаның Ресейдегі Елшісі Гонсалес Энрике Орта қатысты.

Қасымалиев отырыста сөйлеген сөзінде жаһандық деңгейде өсіп жатқан азық-түлік бағасының әлеуметтік шиеленіске әкеп соқтыратынын ескертті.

Одақтың ортақ қаржы нарығын тиімді дамытудың маңыздылығына назар аударған Қасымалиев бұл нарықтар тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысының негізін құрауы тиіс екенін айтты.

Қасымалиев ортақ қаржы нарығы мүше елдерге бәсекелестік артықшылық беріп, экономикалық өсім үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын білдірді. Бір мүше елдің делдалдық ұйымдары мен дилерлерінің басқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің биржаларында ұйымдастырылған сауда-саттыққа қатысуына мүмкіндік беретін келісімге қол қойылуы да осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі екенін баса айтты.

Одақ ішіндегі сауда көлемі 7,3 пайыз өсіп, 102 миллиард долларға жетеді деп күтілуде

Одақтың төрағалығын атқарып отырған Қазақстан премьер-министрі Бектенов те жаһандық экономикадағы белгісіздік жағдайына тоқталып, Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі сауда көлемі биыл 7,3 пайыз өсіп, 102 миллиард долларға жетеді деп күтілетінін хабарлады.

Армения премьер-министрі Пашинян да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту өз елі үшін сыртқы саяси және экономикалық басымдық болып қала беретінін, Одақ ішінде туындайтын кедергілерді жою қажеттігін білдірді.

Ресей премьер-министрі Мишустин де Еуразиялық экономикалық одақта ауыл шаруашылығы секторында шетелдік жеткізушілерге тәуелділікті азайту және отандық өндірісті арттыру қажеттігін атап өтті.

Келесі отырысты Беларусьтің астанасы Минскіде 1-2 қазанда өткізу туралы шешім қабылданды.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды