ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Аустрия канцлері Штокермен Анкарада кездесті
Президент Ердоған Президенттік кешенде Аустрия канцлері Штокерді қабылдағаннан кейін өткен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.
Президент Ердоған Аустрия канцлері Штокермен Анкарада кездесті
Президент Ердоған Аустрия канцлері Штокермен Анкарада кездесті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Аустрия канцлері Кристиан Штокермен кездесуіне қатысты: «Ең алдымен Кеден одағын жаңғырту және визасыз режим жөніндегі диалогты қоса алғанда Еуропалық одақтың (ЕО) жасайтын шаралары барлығымыздың мүддемізге сай келетінін жеткіздім», – деді.

Президент Ердоған Президенттік кешенде Аустрия канцлері Штокерді қабылдағаннан кейін өткен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Президент Ердоған Түркияға канцлер ретінде алғаш рет сапармен келген Штокерді Анкарада қарсы алғанына қуанышты екенін білдірді.

Тарихи әрі терең тамырлы қарым-қатынас орнаған екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі сапарлардың тұрақты жалғасуын қалайтынын айтқан Ердоған «Аустрияда тұратын саны 400 мыңнан асатын түрік қауымы екі елдің ортақ құндылығы әрі байлығы болып қала беретіні сөзсіз. Осы орайда бүгінгі келіссөздерімізде де Аустриядағы түрік қауымының тыныштығы мен әл-ауқатына айрықша мән беретінімізді атап өттік», – деді.

Ердоған Штокермен екіжақты қарым-қатынастардың барлық қырын талқылағандарын, сондай-ақ Түркия мен Еуропалық одақ арасындағы қатынастар және өңірлік әрі жаһандық мәселелер жөнінде пікір алмасқанын айтты.

Екіжақты сауда көлемі

Аустриямен қарым-қатынаста соңғы уақытта қалыптасқан оң серпіннің экономикалық және сауда байланыстарында да байқалып отырғанына қанағаттанатынын білдірген Ердоған «Аустриямен жасыл энергетика, аса маңызды минералдар, жоғары технологиялар, көлік және қорғаныс өнеркәсібі салаларында ынтымақтастықты дамытуға зор әлеуетіміз бар. Әсіресе Орта дәлізді нығайтуға бағытталған стратегиялық ынтымақтастықты бірлесіп жүзеге асыра алатынымызға сенеміз», – деді.

Түркия – қауіпсіздік пен көші-қон мәселесінде шешуші ел

Аустрия канцлері Кристиан Штокер Түркияның қауіпсіздік пен көші-қон мәселелерінде Аустрия үшін де, Еуропалық одақ үшін де шешуші ел екенін айтты.

Штокер заңсыз көші-қон, адам саудасы және ұйымдасқан қылмыс секілді мәселелерде Аустрияның Түркиямен өте тығыз ынтымақтастық орнатқанын айтып, Түркияның 10 жылдан астам уақыт бойы сириялық босқындарды қабылдап келе жатқанын еске салды.

«Біз мұны өте маңызды, тіпті жоғары бағалауға лайық қадам деп санаймыз», – деген Штокер үшінші ел азаматтарын кері қайтару мәселесінде Түркиямен ынтымақтастықтың аса маңызды екенін атап өтті.

Іздеу
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Президент Ердоған ШЫҰ Мемлекет басшыларының саммитінде отбасылық суретке түсу рәсіміне қатысты
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты
Министр Хакан Фидан мен Яшар Гүлер Бішкекке аттанды
Президент Ердоған Әзербайжан президенті Әлиевпен кездесті
Халықаралық Яхта Жарыстарының Жеңіс Кубогы кезеңі аяқталды
Мекке ортақ қорғаныс келісімі комитетінің алғашқы отырысы Cтамбулда басталды
Президент Ердоған Қырғызстанда
Түркияның отандық депозиттік жүйесі «DOA» «COP31» конференциясында таныстырылады
Түркия аударылған кемеде қаза тапқандар үшін көңіл айтты
Түрік Қарулы Күштері мен Сирия армиясы Евфрат өзеніне қалқымалы көпір салды
Президент Ердоған Шанхай саммитіне қатысады