САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Путин: «Ресей ешқашан АҚШ-тың қысымына бас имейді»
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ енгізген санкциялардың маңызды екенін, алайда Ресей экономикасына елеулі әсер ете алатындай қуатты емес екенін мәлімдеді.
Путин: «Ресей ешқашан АҚШ-тың қысымына бас имейді»
Путин: «Ресей ешқашан АҚШ-тың қысымына бас имейді» / Reuters

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың немесе кез келген басқа елдің қысымына Ресей ешқашан бас имейтінін айтып, Ресей территориясына жасалатын шабуылдарға берілетін жауаптың өте қатаң болатынын ескертті.

Путин АҚШ санкцияларын «достыққа жатпайтын» қадам деп сипаттап, «Олардың белгілі бір салдары болады, алайда бұл біздің экономикалық әл-ауқатымызға айтарлықтай әсер ете қоймайды», - деді. Ресейдің энергетика саласы өзіне сенімді екенін жеткізген Путин: «Әрине бұл Ресейге қысым көрсетуге бағытталған әрекет. Алайда өзіне құрметпен қарайтын кез келген мемлекет пен халық қысым кезінде шешім қабылдамайды», - деді.

Сәрсенбі күні АҚШ Ресейдің ірі мұнай өндірушілері «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына санкция енгізді. Бұл Дональд Трамптың қайта сайланғаннан бері Ресейге қатысты қабылдаған алғашқы санкциясы. Путин жаһандық энергетика нарығындағы теңгерімнің бұзылуы баға өсіміне әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.

Трамп әкімшілігінің Украинаның батыс одақтастары ұсынған кейбір алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды пайдалануына қойылған шектеуді алып тастағаны туралы «Wall Street Journal» хабарына және Украина президенті Владимир Зеленскийдің 3000 км қашықтыққа ұшатын отандық өндірістегі зымырандар туралы мәлімдемесіне қатысты Путин: «Бұл жағдайды ушықтыру әрекеті», - деді.

«Диалог әрқашан қақтығыстан, кез келген даудан, әсіресе соғыстан тиімді. Біз диалогтың жалғасуын әрдайым қолдаймыз», - деді Путин. Сондай-ақ АҚШ «Tomahawk» зымырандарымен Украина арқылы Ресейге шабуыл жасаса, Ресейдің «өте қатаң» жауап беретінін атап өтті.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті