САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Пәкістан премьер-министрі АҚШ–Иран келіссөздері бойынша үш елге сапарлайды
Вашингтон мен Тегеран демалыс күндері Исламабадта ондаған жылдан кейін алғаш рет бетпе-бет келіссөз өткізді.
Пәкістан премьер-министрі АҚШ–Иран келіссөздері бойынша үш елге сапарлайды
Пәкістан премьер-министрі АҚШ–Иран келіссөздері аясында үш елге сапарлайды / Reuters

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келіссөздер алдында Сауд Арабиясы, Катар және Түркияға баратынын мәлімдеді.

Министрліктің сәрсенбі күнгі хабарламасында «Премьер-министр Мұхаммед Шахбаз Шариф 2026 жылдың 15–18 сәуір аралығында Сауд Арабиясы, Катар және Түркияға ресми сапармен барады», – деп мәлімдеді.

Мәлімдемеде Сауд Арабиясы мен Катардағы кездесулердің екіжақты форматта өтетіні, ал Шарифтің Түркияда Анталия дипломатия форумына қатысып, президент Режеп Тайып Ердоған және өзге де көшбасшылармен екіжақты кездесулер өткізетіні айтылды.

Вашингтон мен Тегеран алты аптадан астам уақытқа созылған соғысты тоқтатуға бағытталған күш-жігер аясында демалыс күндері Исламабадта ондаған жылдан кейін алғаш рет тікелей келіссөз жүргізді.

Иранның қарымта шабуылдары Сауд Арабиясы мен Катарды қоса алғанда, Парсы шығанағындағы АҚШ одақтастарына бағытталып, энергия экспортына кедергі келтірді.

Исламабадтағы келіссөздер нәтижесіз аяқталғанымен, АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздер осы аптада Исламабадта қайта жалғасуы мүмкін екенін жеткізді.

АҚШ-тың Иранға теңіз блокадасын енгізу туралы бұйрығына қарамастан, тараптар арасындағы бітім келесі аптаға дейін күшінде қалады.

ҚатыстыИсламабадта өткен АҚШ-Иран келіссөздері нәтижесіз аяқталды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Шарифпен бірге АҚШ–Иран келіссөздеріне араағайын болған Сыртқы істер министрі Исхак Дар және өзге де жоғары деңгейдегі шенеуніктер сапарға қатысады.

Пәкістан мен Сауд Арабиясы тығыз қарым-қатынаста. Пәкістан Қаржы министрлігі сәрсенбі күні Эр-Риядтың елдің валюта резервтерін нығайту үшін 3 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді.

Бұл қолдау Пәкістанның Біріккен Араб Әмірліктеріне миллиардтаған долларлық несиені қайтаратынын мәлімдегеннен бірнеше күн өткен соң келді.

Қаржы министрлігі сондай-ақ Сауд Арабиясындағы 5 миллиард долларлық депозиттің мерзімі ұзартылатынын айтты.

Іздеу
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды
Түркияның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы жартылай финалда
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді