ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
«1919 жылғы 19 мамырда Самсунда тұтанған сол қасиетті алау бүгінде “Түркия ғасыры” мақсаттары аясында халқымыздың бірлігі мен ынтымағы рухымен жолымызды нұрландырып келеді»
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи

Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи: «1919 жылғы 19 мамырда Самсунда тұтанған сол қасиетті алау бүгінде “Түркия ғасыры” мақсаттары аясында халқымыздың бірлігі мен ынтымағы рухымен жолымызды нұрландырып келеді», – деп мәлімдеді.

Министр Чифтчи өзінің Nsosyal әлеуметтік желідегі парақшасында 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күніне орай құттықтау жолдауын жариялады.

Чифтчи 1919 жылғы 19 мамырдың Түркияның тәуелсіздік күресінің алғашқы іргетасы, тәуелсіз әрі қуатты Түркияға бастар жолдың алғашқы қадамы екенін еске салып, былай деді:

«1919 жылғы 19 мамырда Самсунда тұтанған сол қасиетті алау бүгінде “Түркия ғасыры” мақсаттары аясында халқымыздың бірлігі мен ынтымағы рухымен жолымызды нұрландырып келеді. Ата-бабаларымыз жанын пида етіп бізге аманат еткен осы қасиетті еліміздің тыныштығы, қауіпсіздігі және тұрақтылығы үшін біз дәл сол сенім, табандылық және сол ұлттық санамен еңбек етуді жалғастырып келеміз. Жастарымыздың жігері, халқымыздың дұғасы және мемлекетіміздің берік ұстанымдарының арқасында Түркияны барлық салада одан да қуатты болашаққа бастай береміз. 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні құтты болсын! Ең алдымен Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті және барлық қаһармандарымызды құрметпен еске аламын».

Іздеу
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды