Сирия Алеппода террор ұйымы YPG-ге қарсы арнайы операция бастады

Террор ұйымы YPG үш күн қатарынан қаладағы тұрғын аудандарды атқылап, жүздеген бейбіт тұрғынды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті.

By
Сирия Алеппода террор ұйымы YPG-ге қарсы арнайы операция бастады / Reuters

Сирия ақпарат агенттігі «SANA»-ның хабарлауынша, Сирия армиясы Алеппоның Шейх Максуд және Әшрафия аудандарындағы террор ұйымы YPG-нің бекіністеріне қарсы арнайы операция бастады.

Сирия Денсаулық сақтау министрлігінің бейсенбі күнгі мәлімдемесіне сәйкес, бұл қадам Алеппода YPG шабуылдары салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар санының беске жетіп, 33 адамның жаралануынан кейін басылды.

Террор ұйымы YPG үш күн қатарынан қаланың тұрғын аудандарын атқылауды жалғастырып, жүздеген бейбіт тұрғынды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті.

YPG ˗ PKK террор ұйымының Сириядағы тармағы ретінде белгілі.

Түркия, АҚШ және Еуроодақ тарапынан террор ұйымы деп танылған PKK Түркияға қарсы жүргізген террорлық әрекеттері салдарынан 40 мыңнан астам адамның қаза табуына себеп болды. Олардың арасында әйелдер, балалар, нәрестелер мен қарттар да бар.

«SANA» дерегінше, Алепподағы шабуылдар қаланың тұрғын аудандарын нысанаға алған. Шейх Максуд ауданында бір мергеннің оғынан бейбіт тұрғындар жараланған.

2025 жылдың 10 наурызында Сирия үкіметі Сирия демократиялық күштерін мемлекеттік құрылымдарға интеграциялауды көздейтін келісімге қол қойылғанын, елдің аумақтық тұтастығының қайта расталғанын және бөлінуге бағытталған әрекеттердің қабылданбайтынын хабарлаған болатын.

Сирия билігі сол уақыттан бері Сирия демократиялық күштерінің келісім шарттарды орындау үшін ешқандай нақты қадам баспағанын айтып келеді.

Сирия үкіметі 2024 жылдың 8 желтоқсанында Башар Асад режимі күйрегеннен кейін, ел аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш-жігерін арттырды.