ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Каппадокия “Michelin” нұсқаулығына енді
“Michelin” желтоқсан айында Стамбулда өтетін салтанатты шарада Каппадокиядағы таңдалған мйрамханалардың есімдерін жариялайды.
Каппадокия “Michelin” нұсқаулығына енді
/ AA

Түркияның жетекші туристік аймақтарының бірі болып саналатын Каппадокия беделді Michelin нұсқаулығына еніп, елдің гастрономия саласындағы жаңа танылған аймағына айналды.

Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой бұл жаңалықты «мақтаныш сәті» деп сипаттап, Түркияның әлемдік гастрономиядағы маңыздылығының артып келе жатқанын атап өтті.

Ерсой әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесінде: «Мыңдаған жылдық мұрасын бүгінге жеткізген Орталық Анадолының жүрегіндегі Каппадокия Стамбул, Измир және Мугладан кейін 2026 “Michelin нұсқаулығына енді. Бұл сүйінші хабар гастрономиялық туризмде Түркияның қол жеткізген биік деңгейін тағы бір мәрте паш етіп отыр,» - деді.

Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Michelin нұсқаулықтарының халықаралық директоры Гвендал Пулленнек бұл өңірдің мәдениеті мен гастрономиялық алуан түрлілігі инспекторларға терең әсер қалдырғанын атап өтті.

Пулленнек: «Каппадокияның аспаздық дәстүрі өңірмен терең байланыста. Аспаздар негізінен жергілікті өнімдер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қолданады. Біз бұл аймақты таңдауға тағы бір себеп ұсынғымыз келеді: Каппадокияның қайталанбас гастрономиялық әлемін сезіну», - деді.

Орталық Анадолыда орналасқан және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи өңір Каппадокия пері мұржалары, тастан ойылған үйлері мен шіркеулері, сондай-ақ әуе шарларымен танымал.

Каппадокия сонымен қатар тандырда пісірілген еттерімен, қыш құмырада дайындалатын кәуаптарымен, ашытылған дәмдері мен жергілікті тіскебасарларымен арқылы бай аспаздық мәдениетке ие.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?