ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түркияның жаңа әлеуметтік желі платформасы «NEXT Sosyal»-да жазба жариялады
Президенттің алғашқы жазбасы Түркияның жаңа әлеуметтік желі платформасы «NEXT Sosyal»-дың пайдаланушылар саны бір миллионнан асып, виртуалды қосымша дүкеніндегі рейтингте бірінші орынға көтерілген сәтімен тұспа-тұс келді.
Президент Ердоған Түркияның жаңа әлеуметтік желі платформасы «NEXT Sosyal»-да жазба жариялады
/ AA

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің қарқынды дамып келе жатқан отандық әлеуметтік желі платформасы «NEXT Sosyal»-да алғашқы жазбасын жариялады.

Ақын Ердем Баязиттің «Саған, маған, Отанымa, ел  халқына» атты өлеңінен «Бетон қабырғалар арасынан бір гүл ашты» деген өлең жолдарын жариялаған Ердоған оқырмандарына «Дайынсыңдар ма?» деп сауал қойды.

Президент өз жазбасына «Бастаймыз» деген хэштег жазып, оған Түркия туын, жер шары және зымыран эмодзилерін қосты.

«NEXT Sosyal» дегеніміз не?

Бұл жазба Түркия Технология командасы (T3) қорының жетекшілігімен әзірленген «NEXT Sosyal»-дың пайдаланушылар саны бір миллионнан асқаннан кейін жарияланды.

«NEXT Sosyal»-дың 1 миллион қолданушыға жеткені жөніндегі жаңалықты «TEKNOFEST»-тің Атқарушы директоры әрі «T3» қорының өкілетті кеңесінің төрағасы Селчук Байрактар өткен сенбі күні хабарлаған болатын.

Әлемдік платформаларға «қауіпсіз» балама ретінде ұсынылған «NEXT Sosyal» мобильді қосымшалар дүкенінде жылдам жоғарылап, көп ұзамай «әлеуметтік желі» санатындағы ең танымал тегін қосымша атанды.

Бета нұсқасынан бері қарқынды дамып келе жатқан бұл платформа пайдаланушыларға жаңалық, технология, өмір салты және маңызды оқиғалар жөніндегі ой-пікірлерін жариялайтын алаң ұсынады. 

Президенттің қолдауы «NEXT Sosyal» үшін символдық маңызға айналып, Түркияның отандық цифрлық платформаларды қолдаудағы күш-жігерін арттыра түсті.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді