САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Израиль премьер-министрі Николай Младеновке Израильдің әскери операцияларын тоқтатпайтынын және Газа секторынан шегінбейтінін айтты. Ал армия ХАМАС-ты толық қарусыздандыруды талап етіп отыр.
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты

Дүйсенбі күні Израиль бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарларға сәйкес, премьер-министр Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың жоспары аясында Газа секторынан әскерді әкетуге де, атысты тоқтатуға да келіспейтінін Бейбітшілік кеңесіне жеткізген.

«Israel Hayom» газеті аты-жөні аталмаған израильдік дереккөздерге сілтеме жасап, Нетаньяхудың дүйсенбі күнгі кездесуде Кеңестің Газа бойынша арнайы өкілі Николай Младеновке бұл жоспарды қабылдамайтынын айтқанын хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Нетаньяху Младеновке: «Израиль Газа секторынан шегінбейді және атысты тоқтатуға да келіспейді. ХАМАС әскери әлеуетін қайта қалпына келтіруді жалғастырып жатыр және Израиль армиясы мен Газа маңындағы елді мекендерге тікелей қауіп төндіреді», – деген.

Басылым Израильдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұған дейін Нетаньяхудың Газа секторында атысты тоқтатуға арналған жол картасының шарттарына қатысты барлық ескертуін Бейбітшілік кеңесі мен АҚШ президенті Дональд Трамптың командасына жеткізгенін жазды.

Жұма күні Бейбітшілік кеңесі Трамптың Газаға қатысты жоспарының келесі кезеңіне арналған келісім жобасын жариялады. Құжатта қауіпсіздік, басқару және өтпелі кезең шаралары, сондай-ақ ұсынылған саяси бағытқа қатысты қағидаттар мен оларды іске асыру тетіктері қамтылған.

Осыған байланысты ХАМАС Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімнің екінші кезеңін жүзеге асыру жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтарға қатысты Бейбітшілік кеңесінің өкілі Николай Младенов пен араағайын тараптардан нақты әрі ресми жауап күтетінін мәлімдеді.

ХАМАС-тың өкілетті дереккөзі ұйымның «Telegram» арнасында жариялаған мәлімдемесінде: «ХАМАС пен палестиналық топтар атысты тоқтату туралы келісімнің екінші кезеңін жүзеге асыру жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде тараптардың барлық міндеттемесін орындауды жалғастырады», – деді.

Жұма күні Бейбітшілік кеңесі мен АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторында атысты тоқтату келісімінің келесі кезеңін іске асыру жөнінде келісімге қол жеткізілгенін жариялады. Кеңес ХАМАС-тың егжей-тегжейлі жол картасын қабылдағанын мәлімдеді.

Ал Израильдің «KAN» агенттігі Израиль армиясы 15 тармақтан тұратын құжатқа қатысты үш негізгі шарт белгілегенін хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, Израиль армиясының жоғары лауазымды өкілдері бұл талаптарды сәрсенбі күні Бас штаб бастығы Эяль Замирдің қатысуымен өтетін кездесуде ұсынбақ.

«KAN» таратқан ақпаратқа сәйкес, бірінші талап Газа секторындағы қауіп-қатерлерді жою үшін толық әрекет ету еркіндігін көздейді.

Сонымен қатар Израиль армиясы Газа секторындағы қару-жарақты бақылауға алуды талап етіп отыр.

Әскери басшылық ХАМАС толық қарусыздандырылмайынша, әскерді ішінара немесе кезең-кезеңімен әкетуге қарсы екенін жеткізді.

«KAN» армияның талаптары саяси басшылыққа ұсынылатынын және олар бойынша түпкілікті шешімді саяси билік қабылдайтынын хабарлады.

Іздеу
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
Суданда Жедел қолдау күштері шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты
"Мен АҚШ президенті болмасам, Израиль жойылып кетер еді"
Иран: «Ормуз бұғазынан заңсыз өтпек болған супертанкер минаға соғылып, өртке оранды»
Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс күшейді: MQ-9 дроны атып түсірілді
Си, Путин және Моди Бішкекте кездеседі: Еуразия көшбасшылары ШЫҰ саммиті үшін Қырғызстанда
Сирия президенті YPG-нің бұрынғы басшысы Абдиді президент кеңесшісі етіп тағайындады
Иран: «Теңіз блокадасы жалғасса, АҚШ экономикасын құлдыратамыз»