ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Ердоғанның сапары Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің АҚШ пен Иран арасындағы дәнекерлік күш-жігерін қоса алғанда екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық оқиғалар төңірегінде Сауд Арабиясында кездесулер өткізіп жатқан сәтіне тұспа-тұс келіп отыр
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады

Түркия Республикасы Президенті жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран президент Режеп Тайып Ердоғанның жұма күні Сауд Арабиясына бір күндік жұмыс сапарымен баратынын хабарлады.

Дуран “NSosyal” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасаған хабарламасында сапар барысында Ердоғанның Сауд Арабиясының тақ мұрагері, әрі премьер-министр Мұхаммед бин Салман бин Абдулазиз Әл Саудпен және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесуі жоспарланғанын білдірді.

Шариф те екіжақты ынтымақтастық пен аймақтық оқиғаларға бағытталған үш күндік сапармен Сауд Арабиясына барды.

Сауд Арабиясының ресми “SPA” ақпарат агенттігі Шарифті Джиддадағы “Кинг Абдулазиз” халықаралық әуежайында Мекке аймағы губернаторының орынбасары Сауд бин Мишаал бин Абдулазиздің қарсы алғанын хабарлады.

Пәкістан мемлекеттік ақпарат агенттігі “Associated Press of Pakistan” (APP) Шарифке Фельдмаршал әрі Құрлық әскерлерінің қолбасшысы Асим Мунир, премьер-министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Исхак Дар және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктердің серік болғанын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

“APP” мәліметінше, Шарифтің Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдары мен аймақтық және халықаралық оқиғалар төңірегінде келіссөздер жүргізуі жоспарланған.

Сауд Арабиясы мен Пәкістан аймақтық шиеленістер кезінде қол қойылған өзара қорғаныс келісімі шеңберінде тығыз қорғаныс қарым-қатынастарын сақтап отыр.

Сапар Исламабадтың Вашингтон мен Тегеран арасындағы дәнекерлік күш-жігерін жалғастырып жатқан кезеңіне тұспа-тұс келеді.

Маусым айында Катар АҚШ пен Иран арасындағы дәнекерлікке Пәкістанмен бірге қосылды.

Бұл жағдай 18 маусымда өзара түсіністік меморандумына қол қоюға және түпкілікті келісім бағытында келіссөздерді бастауға мұрындық болды.

Келіссөздер кейіннен Ормуз бұғазындағы теңіз қауіпсіздігі мен кеме қатынасының бостандығына қатысты келіспеушіліктерге байланысты тоқтап қалған еді, дегенмен Иран, Оман және АҚШ шенеуніктері соңғы уақытта қалған мәселелерді шешуге бағытталған кездесулерін жалғастырды.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты