ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: “Еуропаның Түркияға деген мұқтаждығы әлдеқайда жоғары”
Президент Ердоған: «Бүгінгі таңда Еуропаның Түркияға деген мұқтаждығы Түркияның Еуропаға деген мұқтаждығынан әлдеқайда жоғары. Ертең бұл қажеттілік бұдан да арта түседі», — деп мәлімдеді.
Президент Ердоған: “Еуропаның Түркияға деген мұқтаждығы әлдеқайда жоғары”
Президент Ердоған: “Еуропаның Түркияға деген мұқтаждығы әлдеқайда жоғары” / Anadolu Agency

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады. Ердоған әлем мен аймақтың қақтығыстар, саяси және экономикалық аумалы-төкпелі кезеңдер мен әлеуметтік шиеленістер құрдымында тұрған шағында Түркияның өз бағытынан таймай, нық қадаммен мақсатына қарай ілгерілеп келе жатқанын баса айтты.

«Аймағымыздағы әрбір дағдарыс Түркияның соңғы 23 жылда жүріп өткен үлкен жолын дәлелдей отырып, еліміздің «тұрақтылық аралы» мәртебесін одан әрі нығайта түсуде. Түркия бүгінде адамзат бағыт-бағдар іздеген кезеңде өз аймағының ең қуатты, ең тұрақты елі ретінде танылуда. Бүгінде өз аяғында нық тұра алатын, тіпті қиын сәтте достары мен бауырларына қолдау көрсететін Түркия бар».

Президенттік басқару жүйесінің артықшылықтары арқасында әлемді алаңдатқан соғыстардың жойқын әсерін ең төменгі деңгейде ұстай алғандарын атап өткен Ердоған, Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарға да тоқталды.

«Еуропа стратегиялық соқырлықтан арылуы тиіс»

Ердоған Еуропалық Одақтың (ЕО) көптеген институттарында Түркияға қатысты «стратегиялық соқырлықтың» сақталып отырғанына өкініш білдірді. Ол мәселенің Анкараның қай жерде тұрғанында емес, Брюссельдің болашақ әлемде өзін қайдан көргісі келетінінде екенін айтты.

Президент Ердоған сөзін былай жалғастырды:

«Түркия толық мүше ретінде орын алмаған ЕО-ның жаһандық актер және тартылыс орталығы бола алмайтыны енді түсінікті болуы тиіс. Біз тек қажет болғанда ғана есігі қағылатын, басқа уақытта шеттетілетін ел емеспіз және ешқашан болмаймыз. ЕО Түркияның сындарлы ұстанымын бағалай білуі керек. Ұмытпау керек, Түркия да бұрынғы Түркия емес, әлем де бұрынғыдай тек Батыс мемлекеттерінің ықпал ету аймағына сығымдалған күйде емес».

«Еуропа жол айрығында»

Әлемнің көпполярлы жүйеге қарай қарқынды дамып келе жатқанын және Түркияның осы жаңа жүйенің негізгі полюстерінің бірі болуға ең күшті үміткер екенін айтқан Ердоған:

«Бүгін Еуропаның Түркияға деген мұқтаждығы Түркияның Еуропаға деген мұқтаждығынан көп. Ертең бұл қажеттілік бұдан да артады», — деді.

Ердоғанның айтуынша, Еуропа қазір жол айрығында тұр: не Түркияның өсіп келе жатқан қуатын өздерінің тығырықтан шығуы үшін мүмкіндік ретінде көреді, не шеттетуші риторикалардың Еуропаның болашағын қараңғылауына жол береді. Ол еуропалық саясаткерлерді тарихи соқыр сенімдерді тастап, Түркиямен шынайы және тең дәрежелі қарым-қатынас орнатуға шақырды.

Іздеу
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Гүлер Әзербайжан және Грузиядағы әріптестерімен кездесті
Түркия хоуситтердің шабуылын қатаң айыптады
Президент Ердоған Ұлы Ұлттық Мәжілісінің отырысына қатысты
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты мәлімдеме жарияланды
«TEKNOFEST» фестивалі басталды
Шанлыурфада «TEKNOFEST» фестивалі өтіп жатыр
«Türk Telekom» бас директоры Шахин: «Отандық ұялы телефон Малатияда өндіріледі»
Түркия мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін визадан босатады
Хакан Фидан Хендрик Вюстпен кездесті
Президент Ердоған Үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Президент Ердоған Индонезия президенті Прабово Субиантомен телефон арқылы сөйлесті
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Біріккен Араб Әмірліктері президентімен кездесті
Түркия Сыртқы істер министрі БАӘ-ге сапарлай барады
Ресей Түркиямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады