ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Украинаның Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдары салдарынан жанармай жеткізуде қиындықтар туындауда.
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты

Ресейдің Орынбор облысындағы Орск мұнай өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасалып,  кәсіпорын жұмысын толық тоқтатты.  Кәсіпорынның жөндеу жұмыстары 6 айға дейін созылуы мүмкін екені хабарланды.

Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцев жазбаша мәлімдемесінде 11 тамызда Орск мұнай өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылына қатысты пікір білдірді.

Солнцев шабуыл салдарынан зауыттың аса маңызды инфрақұрылымына зақым келгенін және оны жөндеу мүмкін емес екенін айтып, «Зауыт жұмысын толықтай тоқтатты. Жанармай дағдарысына дайындалып жатырмыз. Сырттан жеткізілетін жанармайға сүйенуге тура келеді», – деді.

Ол зауыттағы жабдықтардың шетелден әкелінгенін атап өтіп, санкцияларға байланысты жөндеу жұмыстары 6 айға дейін созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Солнцев өңірде жанармай жеткізу жүйесі қайта реттелгенін атап өтіп, Орынбордағы 287 жанармай құю бекетінің 80 пайызы жұмыс істеп тұрғанын және жанармай жеткізуде арнайы қызмет көліктеріне басымдық беріліп отырғанын айтты.

Украина 11 тамызда Орск қаласындағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған болатын. Шабуыл салдарынан зардап шеккендер болмағаны хабарланды.  

Украинаның Ресей аумағындағы мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдары салдарынан жанармай жеткізуде қиындықтар туындап, бензин мен дизель отынын экспорттау тоқтатылған болатын.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды