ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Анадолы жәдігерлері АҚШ-тан қайтарылды
Нью-Йоркте өткен тапсыру рәсімі ˗ шетелге заңсыз шығарылған тарихи жәдігерлерді қайтару бағытында Анкара жүргізіп келе жатқан науқанның кезекті нәтижесі.
Анадолы жәдігерлері АҚШ-тан қайтарылды
Анадолы жәдігерлері АҚШ-тан қайтарылды / AA

АҚШ пен Түркия өкілдері әлемдік мәдени мұраларды заңсыз саудадан қорғау саласында өзара ынтымақтастықтың артып келе жатқанын атап өтті.

АҚШ Түркиядан заңсыз жолдармен шығарылған Анадолының кемінде 41 тарихи жәдігерін қайтарды. Түрік және америкалық ресми өкілдер дүйсенбі күні Анкараның мәдени мұрасын қайта алу бағытындағы үздіксіз күш-жігеріндегі маңызды қадам саналатын шешімді жариялады.

Жалпы құны 8 миллион доллардан асатын бұл жәдігерлер Нью-Йорктегі Манхэттен ауданы прокуратурасында өткен рәсімде Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Гөкхан Язгыға ресми түрде тапсырылды.

Коллекция Анадолының түкпір-түкпірінде өмір сүрген көне өркениеттерге тиесілі сирек жәдігерлерді қамтиды. Бұлардың басым бөлігі заңсыз контрабандалық желілер арқылы елден шығарылған.

Манхэттен прокуратурасында жоғары деңгейлі анти қайтару операцияларына жетекшілік етуімен белгілі көмекші прокурор Мэттью Богданос және «Homeland Security Investigations» ұйымының Нью-Йорктегі арнайы агентінің орынбасары Том Акочелла да шараға қатысты. Екі өкіл де Түркия мен АҚШ арасындағы берік ынтымақтастықтың контрабандалық желілерді әшкерелеуде және ұрланған мәдени құндылықтарды қайтаруда шешуші рөл атқарғанын атап өтті.

Бұл рәсім ˗ бірлескен тергеулер нәтижесінде жүзеге асқан бірқатар қайтару әрекеттерінің бірі. Сондай-ақ бұл археологиялық мұраны тонау мен жаһандық қара нарықтан қорғауға бағытталған екі ел арасындағы артқан серіктестікті көрсетеді.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады