Толассыз шабуылдар мен қырғындардың астарында Израиль Палестинаның табиғи ресурстарын жасырын тонауы жатыр.
Газада соғыс басталғаннан бері Израиль премьер-министрі Нетаньяху газалықтарды оңтүстік аймақтарға депортациялау арқылы этникалық тазалау стратегиясын ұстанып келеді. Осы жан түршігерлік қырғын жалғасып жатқанда, палестиналықтар өздерінің мұнай және табиғи газ қорларына қол жеткізу құқығынан айрылуда. Бұл құқық Палестина мемлекетінің тұрақтылығы үшін өте маңызды.
Израильдің айналасындағы мұнай мен газ қорларына үстемдік құруы - энергетика және аймақтық байланыс орталығы болу жолындағы ұзақ мерзімді амбициясының көрінісі. Сондықтан басқа отаршылдық қоныс аудару әрекеттері сияқты, қоныстандыру және жаппай өлтіру - Израильдің жергілікті палестиналықтардың ресурстарын аяусыз пайдалану үшін құрал болып табылады.
Палестинаның табиғи газ ресурстары мәселесі 1999 жылы «British Gas Group» (BG) Газа жағалауынан 17-21 миль қашықтықтағы үлкен газ кен орнында барлау жұмыстарын бастаған кезде шықты. «Gazze Marine» деп аталатын бұл аймақ 1995 жылғы Осло II келісімімен Палестина әкімшілігіне берілген 20 мильдік аумақтың шекарасында. Сол кезеңнің көшбасшысы Ясир Арафат «Consolidated Contractors Limited», «British Gas Group» және Палестина инвестициялық қоры консорциумымен 25 жылдық лицензиялық барлау келісіміне қол қойды. Бір жылдан кейін, 2000 жылы «BG» «Gazze Marine»-да 1,4 триллион текше фут болатын екі кен орнын ашты.
2001 жылы Ариэль Шаронның премьер-министр болып сайлануы Палестинаға қатал позиция ұстанды және аласапыран кезең басталды. Израильдің Жоғарғы соты Шаронға Палестинадан мұнай сатып алуға бойкот жариялау және табиғи газды барлау мен өндіру туралы келісімдерге вето қою құқығын берді. Бұл палестиналықтарды өз ресурстарынан пайда табу мүмкіндігінен жүйелі түрде айырды.
Екінші интифаданың басында Израиль аймақтағы табиғи газ қорларының әділ бөлінуін жоққа шығаратын жүйелі саясат жүргізді. Бұл саяси орта әсіресе Шарон үкіметінің радикалды көзқарасы салдарынан екі тарапқа да пайда әкелетін келісімге қол қою үмітін үзді.
Кейін Израиль билігі Палестина әкімшілігін тұрақты қаржыландыруға қарсы шығып, Хамастың Газадан түскен қаражатты пайдалану қаупін алға тартты.
Содан бері Израильдің жалғасып келе жатқан стратегиясы Газа теңізіндегі табиғи газ қорлары мен Батыс Шерия-Израиль шекарасындағы мұнай қорларын монополиялау және палестиналықтарды осы табиғи байлықтардан түсетін кірістерден айыруға негізделген.
Бұл саясат Палестина экономикасына айтарлықтай қаржылық шығын әкелді. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Израиль келіссөздерде қарсы ұстанымда болды. Көбінесе Хамасты сенімсіз және қауіпті деп алға тартты.Сонымен қатар мәміле ұсыныстары ресурстар мен кірістерді әділ бөлу перспективаларын бұғаттап, Палестина Үкіметін елемеді.
Израиль 2023 жылдың 7 қазанындағы шабуылдарын стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде пайдаланды. Газаға жасалған шабуылдардың бірінші кезеңінде альтернативті сценарийлер, соның ішінде Газа тұрғындарын Синай түбегіне көшіру туралы пікірталастар туындады. Нетаньяху газалықтардың шөлге жаппай ағылуын мақұлдау үшін Мысырға қысым көрсету мақсатында ЕО-да белсенді түрде лоби іс-шараларын жүргізді.
Тіпті соғыстың үшінші аптасында Израиль алты компанияға Газа жағалауына іргелес теңіз алаңы «G» аймағындағы табиғи газ қорын барлау үшін «BP» және «ENI» компанияларына жаңа барлау лицензияларын берді. Назар аударатын жайт бұл аймақтың 62 пайызы Палестина да қатысушы болып табылатын 1982 жылғы Теңіз құқығы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясының (UNCLOS) аясында 2019 жылы Палестина жариялаған теңіз шекараларында орналасқан.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының 2019 жылғы баяндамасында Израиль басып алуына байланысты палестиналықтардың даму мен мемлекет құрылысына қажетті қаржылық қолдаудан айырылуынан туындаған жоғары қаржылық шығынға назар аударылды. Баяндамада «Теңіз 1» және «Теңіз 2» қорлары 1999 жылы ашылды және «BG Group» 2000 жылы газ өндіре бастады. Палестиналықтар бұл кен орындарын монетизациялай алады және 18 жыл ішінде 4,592 миллиард доллардан астам көлемде инвестиция сала алатын еді. Төменгі жылдық кірісті шамамен 2,5 пайыз деп есептесек палестиналықтардың табиғи ресурстардан пайдалану құқығынан шеттетілу салдарынан қазірдің өзінде шамамен 2,570 миллиард доллар жоғалтқан. Бұл құқыққа халықаралық құқық кепілдік береді.
Израиль палестиналықтарға қарсы этникалық тазартуды жалғастыру үшін өзінің оккупациясының ауқымын кеңейтуді басты мақсат етті. Америка Құрама Штаттары сияқты негізгі одақтастардың жұмсақ ескертулеріне қарамастан, Израиль Рафахты нысанаға алған шабуылдар үшін эвакуация туралы ескертулер беруді жалғастыруда. Егер Израильдің этникалық тазартуы сәтті болса, ол құнды мұнай мен газ ресурстарын бақылауға алу, сондай-ақ Газаны толық бақылауға алу сияқты әу бастағы мақсатына қол жеткізе алады. Бұл амбиция Израильдің Үндістан-Таяу Шығыс-Еуропа дәлізінің (IMEC) орталық нүктесі және Украинадағы соғыс басталғаннан бері ресейлік газдан ажыратуға тырысқан еуропалық нарықтарға баламалы энергия жеткізушісі болуға ұмтылуымен байланысты.
Бұл оппортунизм Израильдің Рафахтағы әрекеттері әшкереленген сайын және оның халықаралық энергетикалық компаниялармен қарым-қатынастары ілгерілеген сайын айқын болады. Израильдің Батыс жағалаудағы заңсыз қоныстанушыларды қаруландыру және ынталандыру және Газадағы әскери оккупациясын тез арада қалпына келтіру бойынша екі жақты стратегия жүргізіп жатқаны анық.
Газаға соғыс жариялау Нетаньяху ойлағандай оңай болған жоқ. Израильдің энергетика амбициялары Хамасты жойып, соғысты өз шарттарымен аяқтай алмағандықтан тосқауыл болды.
Халықаралық қауымдастық Израильдің Газадағы соғыс машинасын тоқтату үшін күресіп жатқан кезде, Америка мен Еуропаға тараған студент наразылықтары қоғамдық қысымды күшейтуде. Бұл Нетаньяхудың палестиналықтарға қатысты адамгершілікке жатпайтын әскери саясатына күтпеген соққы берді.
Халықаралық қоғамдастықтың жалғасып жатқан геноцидті тоқтатып қана қоймай, палестиналықтарға өздерінің егемендік құқықтарының негізгі элементі болып табылатын энергетика ресурстарын пайдалануға көмектесу және Израильдің Палестина жерін ұрлауға деген тойымсыз тәбетінен қорғау уақыты келді.


















