ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Қаратеңіздегі шиеленіс Еуропаға таралуы мүмкін»
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкараның соңғы апталарда кемелердің нысанаға алынуы мен ұшқышсыз ұшақтардың өз аумағына кіруінен қатты зардап шеккенін айтты.
«Қаратеңіздегі шиеленіс Еуропаға таралуы мүмкін»
Фидан атысты тоқтату дағдарысты шешудің ең жылдам жолы екенін және Анкараның оны толық қолдайтынын мәлімдеді. / TRT World

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресей мен Украинаның Қаратеңізде бір-біріне қарсы шабуылының артуы теңіз қатынасындағы қауіпті күшейтіп, тұрақсыздықтың аймақ шеңберінен асып, басқа аймаққа таралу қаупін туындатып отырғанын, тіпті Еуропаға да әсер етуі мүмкін екенін айтты.

TRT World арнасына берген арнайы сұхбатында Фидан соңғы апталарда Түркияның бұл оқиғалардан тікелей зардап шеккенін, екі тараптың да сауда кемелерін нысанаға алғанын әрі ұшқышсыз әуе аппараттарының Түркияның әуе кеңістігіне енгенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ бұл жағдай Румыния және Болгариямен бірге көршілес елдерге де әсер еткенін атап өтті.

Түркия Сыртқы істер министрі: «Соңғы апталарда біз қатты зардап шектік. Екі тарап та кемелерді нысанаға алды, ал қазір ұшқышсыз әуе аппараттары тек соғысушы тараптардың әуе кеңістігінде ғана емес, біздің аумағымызға да кіріп жатыр», - деді.

Фидан Қаратеңіздегі қауіптің бірнеше жыл бұрын басталғанын, сол кезде теңіз миналары пайда болып, олардың кейбірі Стамбул бұғазына дейін жеткенін әрі стратегиялық маңызы бар бұғаздар арқылы өтетін теңіз қатынасына қауіп төндіргенін түсіндірді. «Бір кездері жағдай соншалықты қауіпті деңгейге жетті, тіпті кеме қатынасы толықтай тоқтап қалуы мүмкін еді», - деді ол.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түрік қарулы күштерінің, әсіресе Румыния мен Болгарияны қоса алғанда өңірлік серіктестермен теңіз қатынасындағы қауіпті басқару үшін тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын айтты. Алайда ол жағдайды тек әскери үйлестіру арқылы шешу мүмкін еместігін де атап өтті.

«Бұл мәселелердің барлығын шешудің ең қысқа жолы – атысты тоқтату», - деген Фидан Анкараның қақтығысты тоқтатуға бағытталған барлық күш-жігерді толық қолдайтынын жеткізді.

Жалғасып жатқан шиеленістің ауқымды салдары болуы мүмкін екенін айтқан Фидан: «Өңірлік шиелініс өте қауіпті және тек осы аймақпен шектеліп қалмауы мүмкін. Еуропаның басқа  өңірлеріне де таралуы ықтимал», - деді.

Бұған дейін президент Режеп Тайып Ердоған Ресей-Украина соғысы аясында Қаратеңіздегі сауда және азаматтық кемелерге жасалған шабуылдардың ешкімге пайда әкелмейтінін, әрі теңіз қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеген болатын. Ол Түркияның екі тарапқа да ескерту жасағанын және Анкараның қақтығыстың Қаратеңізге жайылуына жол бермеу үшін Монтрё конвенциясын қатаң түрде орындап отырғанын атап өткен еді.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен жүргізілген сұхбаттың толық нұсқасы 18 желтоқсан, бейсенбі күні сағат 00:00-де (Түркия уақытымен) тек TRT World арнасында көрсетіледі.

 

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді