САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Украина Қорғаныс министрі Стамбулда Ресеймен екінші кездесуге қатысады
Украина президенті Зеленский Cтамбулда өтетін Ресеймен екінші тікелей бейбіт келіссөзге Киев атынан Қорғаныс министрі Умеровтың қатысатынын мәлімдеді.
Украина Қорғаныс министрі Стамбулда Ресеймен екінші кездесуге қатысады
/ Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бастамасымен дүйсенбі күні Стамбулда өтетін кездесуге Украинаның қатысатынын айтты.

Зеленский өз әскери штабымен өткізген кездесуден кейін «Telegram» платформасындағы жазбасында «Мен дүйсенбі күні Стамбулда өтетін кездесу алдында Украинаның негізгі ұстанымдарын мәлімдедім», - деді.

Зеленский Украина делегациясын бұрынғыдай Қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқаратынын айтты.

Ресей 472 ұшқышсыз ұшақпен Украинаға шабуыл жасады

«Ресей сенбі түні Украинаға 472 ұшқышсыз ұшақпен соққы берді. Украина Әскери-әуе күштері бұл соққының осы уақытқа дейін түнде жасалған ең қарқынды соққы болғанын атап өтті. Сондай-ақ Украина Әскери-әуе күштері Ресейдің Украина аумағына жеті зымыран атқанын хабарлады.

Мәлімдемеге сәйкес, ұшқышсыз ұшақтардың 382-сі, зымырандардың үшеуі атып түсірілген немесе залалсыздандырылған.

Сондай-ақ Ресейдің Украинаға тұрақты түнгі шабуылдарда ұшырылатын ұшқышсыз ұшақтардың санын көбейткені хабарланды.

Украина Ресейдің ядролық бомбалаушы ұшақтарына шабуыл жасады

Ал Украина жексенбі күні Сібірдегі орыс әскери базасындағы ядролық ұзақ қашықтыққа ұшатын бомбалаушы ұшақтарына шабуыл жасады. Майдан шебінен 4,300 км (2,670 миль) қашықтықта жасалған бұл шабуыл Украинаның осы уақытқа дейін ең ұзақ қашықтықтағы шабуылы болды.

Әлеуметтік желідегі расталмаған видеолар мен фотосуреттер Иркутсктің солтүстігіндегі «Белая» әуе базасында Ресейдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының өртеніп жатқанын көрсетті.

Украина астанасы Киевтегі аты-жөнін атамауды өтінген украиндық дереккөздің «Reuters» агенттігіне берген ақпаратына қарағанда ұшақтар арасында Ресейдің Украинаға ұзақ қашықтықтағы зымырандарды атқылау үшін қолданған «Ту-95» және «Ту-22» стратегиялық бомбалаушы ұшақтары бар.

Ресей тарапынан Иркутск губернаторы Игорь Кобзев Усольск ауданындағы Средный ауылы маңындағы әскери бөлімге ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасалғанын хабарлады, бірақ стратегиялық ұшақтардың нысанаға алынғанын айтпады. Кобзев «Telegram» желісінде жариялаған видеода ұшқышсыз ұшақтардың жарылғанын және аспанда үлкен түтін пайда болғанын көруге болады.

Кобзев мұның Сібірдің аталмыш аймағына жасалған алғашқы шабуыл екеніне тоқталып, шабуылға қанша ұшқышсыз ұшақ қатысқаны белгісіз екенін және ұшқышсыз ұшақтардың жүк көлігінен көтерілгенін айтты.

Іздеу
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді