Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Украина президенті Владимир Зеленский Ирландия астанасы Дублинде кездесті.
Әзербайжан Президенті әкімшілігінің хабарлауынша, Әлиев пен Зеленский Дублинде өтіп жатқан Еуропалық саяси қоғамдастықтың 9-саммиті шеңберінде келіссөз жүргізді.
Зеленский Әлиевті Екінші Қарабах соғысындағы жеңістің жылдығымен және 12 қараша Конституция күнімен құттықтады.
Кездесуде Әзербайжан мен Украина арасындағы экономикалық және сауда байланыстары, әсіресе жеке сектор арқылы дамыту перспективалары талқыланды.
Зеленский Украинаға көрсеткен гуманитарлық көмегі, соның ішінде электр жабдықтарын жеткізудегі қолдауы үшін Әзербайжанға алғыс білдірді.
Кездесу барысында Әзербайжанның Қарабах пен Шығыс Зангезурда қақтығыстан кейінгі кезеңде жүргізіп жатқан қалпына келтіру және қайта құру жұмыстарын Украина тарапының да үлкен қызығушылықпен бақылап отырғаны атап өтіліп, осы тұрғыда Әзербайжанның тәжірибесі Украина үшін де маңызды болатыны жеткізілді.





















