ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Колумбияда автобус апаты: 17 адам қаза тапты
Колумбияда мектеп автобусы апатқа ұшырады. 17 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды.
Колумбияда автобус апаты: 17 адам қаза тапты
2025 ж 14 желтоқсанда Антиокеньо лицейінде уақытша мемориалға шамдар қойылды. / Reuters

Антиокеньо лицейінің оқушыларын тасымалдаған автобус Кариб теңізі жағалауындағы Толу қаласынан Медельинге қарай жол тартқан.

Губернатордың мәліметінше, Колумбияның солтүстігіндегі ауылдық аймақта оқушыларды алып келе жатқан автобус жардан құлап, 17 адамның қаза тауып, 20 адам жарақат алуына себеп болған.

Жексенбі күні “X” әлеуметтік желісінде жариялаған хабарламасында Антиокия департаментінің губернаторы Андрес Хулиан Антиокеньо лицейінің оқушыларын тасымалдаған автобус мектеп экскурсияcындан кейін Кариб жағалауындағы Толу қаласынан Медельинге жол тартқанын хабарлады. Ол сондай-ақ оқушылардың жағажайда мектеп бітірулерін атап өткенін айтып, «Бұл — желтоқсан айында бүкіл қоғам үшін өте ауыр хабар», -деді.

Құтқару қызметінің өкілдері тірі қалғандарды қауіпті шатқалдан зембілмен алып шығуға мәжбүр болды.

Колумбия президенті Густаво Петро “X” желісінде жариялаған жазбасында зардап шеккен отбасыларға көңіл айтып, «Мен жастардың қаза тапқанын қаламаймын. Әсіресе олардың білім алу үшін немесе қуанышты демалыста жүрген кезінде қаза табуы мені қатты қынжылтады», - деп жазды.

Іздеу
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады