САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Сергей Лавров: «Ресей мен АҚШ саммиті Вашингтонға байланысты»
Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеудің келіссөздерге ашық екенін, алайда бастаманың Вашингтоннан келуі тиіс екенін айтты.
Сергей Лавров: «Ресей мен АҚШ саммиті Вашингтонға байланысты»
Сергей Лавров: «Ресей мен АҚШ саммитті Вашингтонға байланысты» / Reuters

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей мен АҚШ арасындағы саммиттің өткізілу мүмкіндігі Вашингтонға байланысты екенін мәлімдеді.

Жексенбі күні Венгрияның «Ultrahang» «YouTube» арнасына берген сұхбатында Лавров: «Президент (Дональд) Трамп президент (Владимир) Путинге Будапештте кездесуді ұсынды. Президент Путин «Иә, дайындықты бастайық» деп жауап берді», - деді.

Лавров Мәскеудің Ресей-АҚШ саммитін өткізуге ашық екенін айтып, бастаманың Вашингтоннан келуі керек екенін ерекше атап өтті.

«Біз сыпайы адамдармыз. Егер шақыру алсақ, «иә» дейміз. Қашан, қайда және қалай болатынын шешейік, бірақ бұл кездесу болмайтын болды. Кеше президент Трамп Ақ Үйде солай айтты. Кейін олар «болмайды емес», «кейінге шегерілді» деп түсіндірді. Демек,барлығы оларға байланысты жағдай», - деді Лавров.

Министр АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен бұған дейін оң әңгіме өткізгенін де атап өтті.

«Бастама АҚШ тарапынан келді. Мемлекеттік департамент Рубио мен Лавров арасында нәтижелі телефон әңгімесі болғаны жөнінде хабарлама таратқанын естідім. Телефон әңгімесі нәтижелі өтті, әзірге жаңа кездесу қажет емес деп шештік», - деді ол.

Сергей Лавров Трамп пен Путиннің тамыз айында Аляскада өткен кездесуінің нәтижелерін Рубиомен талқылағанын атап өтті.

«Рубио жаңа кездесу жайлы айтқан жоқ, мен де бұл тақырыпты қозғамадым, себебі барлық бастама АҚШ тарапынан келіп отыр. Америкалықтар өздерін дайын болғанда, біз де ілгерілеуге дайынбыз», - деді ол.

Лавров Украинадағы аймақтардың болашағы түрлі форматтарда талқыланып жатқанын айтып, бұл мәселені Путиннің Трамп, Венгрия премьері Виктор Орбан, Словакия премьері Роберт Фицо және басқа да елдердің басшыларымен сөйлескенін жеткізді.

«Бізге буферлік аймақ қажет. Себебі украиналықтар Брянск, Белгород, Курск сияқты ешкім дауласпайтын Ресей аймақтарына да шабуыл жасап, ұшқышсыз әуе аппараттарымен соққы беруді жалғастырып жатыр»,- деді Лавров.

Министр Ресейдің Украинаға байланысты мақсатының өзгермегенін қайталап, Киевтің бейтарап ұстанымда болуы, НАТО-ға қосылмауы, ядролық қару таратпау және орыс тілді азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті.

«Қазір еуропалықтар атысты тоқтату туралы мәлімдемелерімен ақпарат кеңістігін бақылауда ұстауға тырысуда», - деген Лавров Украина мен Еуропа елдерін «Ресей мен АҚШ ынтымақтастығына қарсы шығуда» деп айыптады және Мәскеудің шартсыз атысты тоқтатуды қолдайтынын, бұл бағытта Вашингтонға қысым көрсетіп жатқанын айтты.

Соңында Лавров Финляндияның НАТО-ға қосылуын «қате» деп атап, Мәскеу мұндай қадамды өңірлік тұрақтылыққа кері әсер ететін фактор ретінде қарайтынын айтты.

 

 

Іздеу
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
Иран президенті: «Территория тұтастығымызды қорғаймыз, бірақ соғысты кеңейтуге ниетті емеспіз»
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Шілде айында Газада 150-ден астам палестиналық қаза тапты
Сирия, БАӘ және Сауд Арабиясы өңірлік қауіпсіздікті талқылады
ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасына шабуылдады
Иран АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирактағы әуе шабуылдарын айыптады
Израиль Батыс Шерияда «Хүда Құран Кәрім» радиосының жұмысын тоқтатты
Ақ Үй алдында шеру өтті
Иран Сыртқы істер министрі әріптестерімен Парсы шығанағындағы ахуалды талқылады
Путин: “Ресей өз мақсаттарына жету үшін бар күшін салады”
Иран балама бағытпен өтпек болған алты кемені тоқтатты
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады