ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Литвадағы Ресей азаматтары елдеріне жиі барғаны үшін тұруға берілген рұқсаттарынан айырылады
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Литва парламенті дәл осындай шараны Беларусь азаматтарына қолданудан бас тартты.
Литвадағы Ресей азаматтары елдеріне жиі барғаны үшін тұруға берілген рұқсаттарынан айырылады
/ AP

Литва парламенті бейсенбі күні қабылдаған жаңа заң бойынша айқын себепсіз, әр үш ай ішінде бір реттен артық Ресей немесе Беларусь еліне барған Ресей азаматтарының тұруға рұқсаттарын жою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы “LRT” қоғамдық арнасы хабарлады.

Алайда парламент аталған шараны Беларусь азаматтарына қолданудан бас тартып, бастапқы ұсынысты жұмсартты.

Хабарда Литва барлау қызметтері Беларусь азаматтарына қатысты елге кіру шектеулерін күшейтуді ұсынғаны, бұның себебі жаңадан келгендердің барлығын қауіпсіздік тұрғысынан тексеруден өткізе алмағаны туралы айтылғаны еске салынды.

Литва 2023 жылы қабылдаған заңға сәйкес, Сыртқы істер министрлігі арқылы өтініш бергендерді қоспағанда Ресей және Беларусь азаматтарының Шенген визасы мен ұлттық визаға өтініштерін қабылдауды тоқтатқан болатын.

Осы шаралар арқылы Литва Украинаға қолдау көрсетуді және агрессор елдер ретінде танылған Ресей мен Беларусь азаматтарының кейбір құқықтарын шектеуді көздеп отыр.

 

Іздеу
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Қаратеңіз жағалауындағы дрон шабуылынан екі түрік теңізші жараланды
Президент Ердоған Ирак премьер-министрімен сөйлесті
Түркі мемлекеттері арасында электрондық сауда мен цифрлық қызметтер жеңілдейді
Польша президенті Түркияға сапарлай келеді
“Иран МАГАТЭ инспекторларының елге қайта кіруіне келісім берді”
Францияда аптап ыстық
Украина: «Воронеждегі зымыран бөлшектерін шығаратын зауытқа соққы жасадық»
Түркияның электр қуаты 125 мың 598 мегаватқа жетті
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Әзербайжанда кездесу өткізді
Швейцариядағы Иран-АҚШ келіссөздерінде не шешілді?
Грек соты төрт түрікті соттады
Мәскеу әуежайлары уақытша жабылды