Киев мэрі Виталий Кличко дүйсенбі күні «Telegram» желісінде Ресейдің түнде Украина астанасына жасаған әуе шабуылынан бір әйелдің қаза тапқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қаланың Днепр өзенінің сол жағалауындағы метро станциясына соққы жасалып, 25 қабатты тұрғын үйге зақым келген.
Кличко шабуыл кезінде тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар мен медициналық мекеменің де нысанаға алынғанын, үш адамның жараланғанын айтты.
«Reuters» агенттігіне сұхбат берген куәгер қалада жарылыс дауыстары естілгенін жеткізді.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Ресей тарапынан толқын болып ұшырылатын жоғары жылдамдықты зымырандар туралы алдын ала ескерту алуға мүмкіндік беретін маңызды барлау мәліметтерін бөлісуді қысқа үзілістен кейін қайта бастағанын мәлімдеді.
Зеленский осы айдың басында Киевке келген АҚШ-тың бейбітшілік жөніндегі өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен кездесті. Бұл кездесу АҚШ әкімшілігі соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуге араағайын болуға тырысып жатқан кезеңде өтті.























