ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
COVİD-19-дың жаңа нұсқасы туралы не білеміз?
«Omicron»-ның жаңа субварианты «NB.1.8.1» Азияның кейбір аймақтарында COVİD-19-дың қайта жандануына себеп болып, мединалық бақылауды жаңартуды міндеттейді.
COVİD-19-дың жаңа нұсқасы туралы не білеміз?
/ AP

COVİD-19 Азияның кейбір аймағында соның ішінде Гонконг, Сингапур, Қытай және Таиландта қайта жанданды. Инфекциялар мен ауыр жағдайлардың көбеюі назар аударарлық.

Жаңадан пайда болған «NB.1.8.1» нұсқасы әлемнің кейбір аймақтарына таралуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) осы аптада аурудың көбеюі Шығыс Жерорта теңізі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Батыс Тынық мұхиты аймақтарында шоғырланғанын атап өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Omicron» субварианты «NB.1.8.1»-ді алдыңғы нұсқалардан ажырата алатын кейбір генетикалық ерекшеліктеріне байланысты «бақылаудағы нұсқа» (VUM) ретінде белгіледі.

Алғаш рет 2025 жылдың қаңтарында жиналған үлгілерде анықталған нұсқа, әсіресе Азияда тез таралып, халықаралық денсаулық сақтау агенттіктерін бақылауды арттыруға итермелеуде.

Мамыр айының басындағы Австралиядағы деректерге қарағанда «NB.1.8.1» Оңтүстік Австралиядағы науқастардың 10 пайызынан азын, Викторияда 40 пайыздан астамын құрайтынын көрсетеді.

Батыс Австралияда ағынды суларға жасалған анализ бұл варианттың штат орталығы Пертте басым екенін көрсетеді. Ұлттық денсаулық сақтау өкілдері халық аз тексерілгендіктен вирусты бақылау қиындап бара жатқанын айтты.

Вирустық генетикалық секвенирлеудің жаһандық дерекқоры «GISAID»-тың халықаралық деректеріне сәйкес, «NB.1.8.1»-варианты Франция, Жапония, Нидерланды, Оңтүстік Корея, Испания, Тайвань және Таиландтан келген саяхатшыларда анықталған.

Сонымен қатар «LP.8.1» нұсқасы Америка Құрама Штаттарында және бүкіл әлемге таралған нұсқа болып қала береді. Денсаулық сақтау қызметкерлері «NB.1.8.1»-дің негізгі белгілері қызба немесе қалтырау, жөтел, ентігу, тамақ ауруы, мұрынның бітелу немесе ағуы, дәмнің немесе иіс сезудің жоғалуы, бас ауруы, жүрек айнуы және шаршау сияқты бұрынғы «Omicron» субварианттарына сәйкес келетінін хабарлайды.

ДДСҰ мәліметтері бойынша қазіргі COVİD-19 вакциналары жаңа нұсқадан қорғайды деп күтілуде.

Іздеу
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"