ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
ТР Президентінің қамқорлығымен 6-шы Халықаралық желкенді қайық жарыстарының Кипр кезеңі басталды
“Кипр Аркын Карпаз Гейт Марина» кезеңі Мармаристен бастау алды.
ТР Президентінің қамқорлығымен  6-шы Халықаралық желкенді қайық жарыстарының Кипр кезеңі басталды
/ AA

Кипр Бейбітшілік операциясының тарихи маңызын еске алып, бейбітшілік және еркіндікпен болашаққа сеніммен қарау үшін 20 шілдеде Мармаристен Кипрге бет алған желкендер 25 шілдеде мәреге жетеді.

Президент Әкімшілігінің қамқорлығымен, Мәдениет және туризм министрлігі мен Жастар және спорт министрлігінің қолдауымен, Стамбул ашық теңіз желкенді қайық клубының ұйымдастыруымен басталған жарыстың екінші кезеңінде 150 спортшы 340 мильдік маршрутта бақ сынайды.

Кипр Бейбітшілік операциясының 51 жылдығына арналған бұл жарыс Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) тәуелсіздігі мен еркіндігіне құрметтің, сондай-ақ «Көгілдір Отанға» адалдықтың жарқын белгісі ретінде назар аударады.

Этап соңында жеңімпаз командаға биыл алғаш рет Аркын Шығармашылық өнер және дизайн университетінің Бейнелеу өнері факультеті студенттері дайындаған арнайы кубок табыс етіледі.

Жарысқа қатысушыларды Мармарис шығанағынан жолға шығарып салу салтанатына аудан басшысы Нуруллах Кая, Оңтүстік Теңіз Аймағының қолбасшысы вице-адмирал Рафет Октар, Ақсаз Теңіз Базасының қолбасшысы адмирал Неслим Ески және «Arkın Group» директорлар кеңесінің төрағасы Эрбил Аркын қатысты.

Аудан әкімі Кая жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Стамбул Ашық Теңіз Желкенді Қайық Клубының төрағасы Экрем Йемлихаоғлу да қараша айында Мармаристен Карпазға тағы бір жарыс өтетінін хабарлады.

 

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады