ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Үндістан АҚШ-қа ең көп смартфон экспорттаған ел болды
«Apple» өндірісін ауыстырған жалғыз компания емес. «Samsung» және «Motorola» сияқты басқа смартфон өндірушілер де АҚШ-қа бағытталған өндірісін Үндістанда ұлғайтуда.
Үндістан АҚШ-қа ең көп смартфон экспорттаған ел болды
/ Reuters

«Canalys» нарықты зерттеу компаниясының жаңа есебіне сәйкес Үндістан алғаш рет Америка Құрама Штаттарына жетекші смартфон экспорттаушысы болды.

Жаһандық технология өндірісіндегі бұл ауқымды өзгеріс «Apple» компаниясының жеткізу тізбегін Қытайдан алыстату әрекетінің нәтижесі.

2025 жылдың екінші тоқсанында Үндістанда өндірілген смартфондар АҚШ импортының 44%-ын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-дан үш есе көп демек.

Бұл көрсеткіш Үндістанның смартфон экспорт көлемінің жылдық есеппен 240%-ға ұлғайғанын көрсетеді. Ал Қытайдың АҚШ импортындағы үлесі 61%-дан  25%-ға дейін күрт төмендеген. Вьетнам Қытайды басып озып, АҚШ нарығының 30%-ын иеленді.

Бұл өзгеріс ең алдымен «Apple» компаниясының «iPhone» өндірісін Қытайдан шығаруға бағытталған «China Plus One» стратегиясын жеделдетуге байланысты.

«Apple» бірнеше жыл ішінде Үндістанда өндірісін арттырды... және 2025 жылдан бастап Үндістандағы экспорт әлеуетінің басым бөлігін АҚШ нарығына бағыттауды жөн көрді», - деді «Canalys» компаниясының бас сарапшысы Саням Чаурасиа.

«Apple» «Pro» моделінің бөлшектері үшін Қытайдағы зауыттарына әлі сүйенсе де, Үндістандағы құрастыру операцияларын күшейтті. «iPhone 16» енді Үндістанда өндіріледі.

«Apple» компаниясының бас директоры Тим Кук өзгерісті растап, «Биыл АҚШ-та сатылатын «iPhone» телефондарының көпшілігі Үндістанда шығарылады деп күтудеміз»,- деді.

«Apple» өндіріс орталығын ауыстыру туралы шешім қабылдаған жалғыз компания емес. «Samsung» және «Motorola» сияқты басқа смартфон өндірушілері де өз өндірісін Үндістанда арттыруда. Алайда бұл өзгеріс баяу жүруде.

Бұл қайта құрылымдау әрекеті Вашингтонның тарифтерді арттыру қаупіне жауап ретінде пайда болған болатын.

Кейбір «Apple» өнімдері АҚШ президенті Дональд Трамптың ауқымды «өзара тарифтер» саясатынан уақытша босатылғанымен, Кукке мамыр айында АҚШ-тан тыс аймақтарда, соның ішінде Үндістанда өндірілген құрылғыларға 25% тариф енгізілуі мүмкін екендігін ескертті.

Сауда сарапшылары «iPhone» өндірісін АҚШ-қа көшіру бағаны айтарлықтай арттыруы мүмкін деді.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды