ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Израильдің оккупациясына қатысты заңды ұстанымын БҰҰ-ның жоғарғы сотында білдіреді
Палестинадағы Израиль әрекеттеріне қатысты Халықаралық сот тыңдауларына Түркия 44 елмен бірге қатысып отыр.
Түркия Израильдің оккупациясына қатысты заңды ұстанымын БҰҰ-ның жоғарғы сотында білдіреді
/ AP

Түркияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмаз сәрсенбі күні Халықаралық сотта (ICJ) ауызша мәлімдеме жасайды.

Дереккөздер Йылмаздың оккупацияланған Палестина аумақтарында Израильдің БҰҰ-ға, халықаралық ұйымдарға және үшінші елдерге жауапкершіліктері туралы кеңес беру процесі аясында сөйлейтінін білдірді.

2024 жылдың 19 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Израильдің оккупацияланған Палестина аумағындағы, соның ішінде Шығыс Иерусалимдегі әрекеттерінің құқықтық салдары туралы Халықаралық соттан консультативтік кеңес беруін өтінген  қарар қабылдады.

Қарар Израильдің халықаралық құқық бойынша міндеттемелеріне шоғырланады.

Түркияны қоса алғанда барлығы 52 ел бұл қарарды қолдады.

Қарардан кейін Халықаралық сот БҰҰ-ны, оның мүше елдерін және бақылаушы мәртебесіне ие Палестина мемлекетін жазбаша және ауызша мәлімдеме жасауға шақырды.

Түркия өз жазбаша мәлімдемесін 27 ақпанда ұсынған болатын.

Жалпы алғанда 45 ел мен халықаралық ұйым жазбаша өтініштерін жіберген еді.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Араб лигасы және Африка одағы ресми өтініштерін жібергеннен кейін сотқа қосылуға рұқсат алды.

Халықаралық сот ауызша тыңдауларды 28 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткізуге жоспарлады.

Тыңдау барысында 44 ел мен ұйым ауызша мәлімдемелер жасайды деп күтілуде.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Йылмаз сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де (1300GMT) Түркияның мәлімдемесін ұсынады.

Халықаралық сот – БҰҰ-ның негізгі сот органы

Ол мемлекеттер арасындағы құқықтық дауларды шешеді және БҰҰ Бас Ассамблеясы немесе басқа уәкілетті БҰҰ органдары ұсынған құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.

БҰҰ-ның барлық мүшесы халықаралық сот Жарғысының қатысушылары болып табылады және Сотқа құқықтық істерді ұсына алады.

Алайда тек белгілі бір БҰҰ органы мен мекемесі кеңес талап ете алады.

 

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы