ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Эгей аралдарының қарусыздандырылған мәртебесін әлсірету әрекеттеріне қарсы
Түркия Сыртқы істер министрлігі Лозанна келісімі мен Париж бейбітшілік келісіміне сәйкес Эгей теңізіндегі аралдардың құқықтық мәртебесі талқыланбайтынын мәлімдеді.
Түркия Эгей аралдарының қарусыздандырылған мәртебесін әлсірету әрекеттеріне қарсы
Түркия Эгей аралдарының қарусыздандырылған мәртебесін әлсірету әрекеттеріне қарсы / Reuters

Түркия Эгей теңізіндегі аралдардың қарусыздандырылған мәртебесін әлсіретуге бағытталған бастамаларды «өкінішті және орынсыз» деп бағалап, қатаң сынға алды.

Түркия Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде 1923 жылы қол қойылған Лозанна келісімі және 1947 жылғы Париж бейбітшілік келісімі аясында Шығыс Эгей аралдары мен Он екі аралдың құқықтық мәртебесі талқыланбайтын мәселе екенін атап өтті.

Министрлік өкілі Өнжү Кечели: «Осындай жағдайда өңірдегі соңғы оқиғаларды өз пайдасына пайдаланғысы келетін және әр мүмкіндікте НАТО-дағы одақтасымыз Грекиямен екіжақты қарым-қатынастарымызды бұзуға тырысатын кейбір топтардың жаңа бір орынсыз әрекет жасауға талпынысы, шын мәнінде таңғаларлық жағдай емес», - деді.

Кечели сөзін жалғастырып, «Түркияны ревизионизммен айыптайтын осы топтардың халықаралық құқыққа қайшы кез келген қадамы заңдыемес. Ең таңғаларлығы бұрын Кипр аралының тең иесі болған Кипр түріктерін жаппай жоюға тырысқан осы көзқарастағы адамдардың бүгін «оларды қорғаймыз» деп мәлімдеуі», -  деді.

Оның айтуынша, Кипр түріктері мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Түркияның қолдауымен өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады және бұл мәселеде дербес әрекет етуге қабілетті.

Өңірдегі соңғы оқиғалар аясында Кечели бейбітшілік пен тұрақтылыққа деген  адалдықтың маңызын атап өтті. Ол Анкара ішкі саяси себептермен әрекет ететін және Түркияға қарсы негізсіз айыптаулар мен жалған ақпарат таратуды әдетке айналдырған топтардың орынсыз әрекеттеріне жол берілмейтінін мәлімдеді.

Сонымен қатар өкіл барлық тараптарды салқынқандылық пен парасаттылық танытуға шақырды.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді