ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«Болат күмбез» қорғанысы күшейеді
Жоба әртүрлі қашықтыққа арналған радарлар, зымырандар, электро-оптикалық сенсорлар, басқару мен бақылау орталықтары және әуе қорғаныс элементтері сияқты 47 құрамдас бөліктен тұрады.
«Болат күмбез» қорғанысы күшейеді
«Болат күмбез» қорғанысы күшейеді / AA

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы сәрсенбі күні түрік қорғаныс компанияларының Түркияның интеграцияланған, көпқабатты және отандық «Болат күмбез» әуе қорғаныс жүйесін күшейту және дамыту мақсатында жалпы құны 6,5 миллиард долларды құрайтын келісімшарттарға қол қойғанын хабарлады.

НАТО мүшесі Түркия соңғы жылдары қорғаныс өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін айтарлықтай арттырып, сыртқы жеткізушілерге тәуелділігін азайтты. Түркия «Болат күмбезді» құру жоспарын алғаш рет 2024 жылдың шілде айында жариялаған болатын.

Жоба радарлар, зымырандар, электро-оптикалық сенсорлар, басқару және бақылау орталықтары, сондай-ақ әртүрлі қашықтықтағы әуе қорғаныс элементтерін қамтитын 47 құрамдас бөліктен тұрады.

Толықтай отандық жүйелер

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы Халюк Гөргүн мәлімдемесінде келісімшарттардың «Roketsan» компаниясы әзірлейтін жауынгерлік жүйелерді және олардың жетілдірілген нұсқаларын қамтитынын, сондай-ақ «Болат күмбез» жүйесінің толықтай отандық жүйелерден тұратынын айтты.

Гөргүн келісімшарттардың Түркияның қорғаныс қуатын арттыруға көмектесетінін және жауынгерлік жүйелердің ауқымы мен қамту мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі күш-жігерге серпін беретінін атап өтті.

«Aselsan» мен «Roketsan» басшылары келісімшарттарды стратегиялық маңызы бар келісімдер деп атап, олардың ғарыш және әуе қорғанысы жүйелерін, танкіге қарсы жүйелерді және өзге де стратегиялық жүйелерді қамтитынын жеткізді.

Гөргүн Түркияның бүгінде қорғаныс өнеркәсібі саласында әлемдегі жетекші экспорттаушылардың қатарына кіргеніне тоқталды.

Іздеу
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Түркия мен Италия ынтымақтастықты нығайтады
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Түркия Сирияға көңіл айтты
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді