САЯСАТ
2 ... минут оқылды
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы Cтамбулда өтетін Мәскеу-Киев кездесуін құптайды
Стамбулда 2022 жылдың наурыз айында қақтығыс басталғаннан кейін көп ұзамай атысты тоқтату үшін ортақ шешімге бағытталған бірқатар келіссөз жүргізген болатын.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы Cтамбулда өтетін Мәскеу-Киев кездесуін құптайды
/ AA

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі басқармасы осы аптаның соңына қарай Стамбулда Ресей мен Украинаның тікелей кездесудің қайта басталуын құптады. Жалғасып жатқан қақтығысты тоқтату үшін шынайы диалог қажеттігін атап өтті.

Баспасөз хатшы Сейф Маганго сейсенбі күні «Жоғарғы комиссар (Фолкер Түрк) жалпы алғанда қарулы қақтығыс жағдайын бейбіт жолмен шешу үшін шынайы диалогтың маңызды  екенін айтты» деді.

«Украина бойынша да халықаралық құқыққа құрмет аясында әділ, тұрақты және толық бейбітшілік жолындағы алғашқы саты  ретінде атысты тоқтату қадамдарын құптаймыз», - деді ол. 

Бұл қақтығысты тоқтатуға күш салудың маңызды сәті болуы мүмкін. Ресей мен Украина басшылары Стамбулда бетпе-бет кездеседі деп жоспарланды. Егер жүзеге асса, 2022 жылдың наурыз айындағы кездесуден кейінгі ең маңызды келіссөз болмақ.

Диалог жолын жаңғырту

Атысты тоқтату туралы соңғы келісім Ресей президенті Владимир Путин тарапынан жексенбі күні баспасөз мәслихатында ұсынылды. Путин Украина мен бірнеше Еуропа елінің 30 күндік атысты тоқтату туралы талаптарын қабылдамады. Президент Режеп Тайып Ердоған сол күні Путинмен телефон әңгімесінде Түркияның кездесу өткізуге дайын екенін айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийді тікелей келіссөз туралы ұсынысты тез арада қабылдауға шақырды. Ал Зеленский бейсенбі күні Түркияда өтетін кездесуге қатысатынын растап, Путиннің де қатысатынына үміт білдірді.

Ресей Путиннің қатысатынын әлі растамады. Ал қазір Сауд Арабиясы, Катар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапарда жүрген Трамп кездесу өтетін жағдайда, «Стамбулға баруым мүмкін» деді.

Стамбулда 2022 жылдың наурыз айында қақтығыс басталғаннан кейін көп ұзамай қарулы қақтығысты тоқтату үшін бірлескен жиналыс өткізіліп,  келісімге қол жеткізілмеген болатын. Ал қақтығыс төрт жыл бойы жалғасуда.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады