ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
“Трамп әкімшілігі Конгреске қарамастан “KAAN” үшін қозғалтқыш сатуды жоспарлап отыр"
АҚШ-тың бір лауазымды тұлғасы осы хабарға байланысты: «Елші (Том) Баррак, Соғыс министрлігінің өкілдері және Мемлекеттік департамент лауазымдылары да бұл мәселе жөнінде Конгреске мәлімет берді" деді.
“Трамп әкімшілігі Конгреске қарамастан “KAAN”  үшін қозғалтқыш сатуды жоспарлап отыр"
Түркияның мақтанышы - «KAAN» жойғыш ұшағы

Дональд Трамп әкімшілігінен аты-жөнін атамауды өтінген бір лауазымды тұлға Анадолы агенттігінің (AA) тілшісіне жасаған мәлімдемесінде «әкімшіліктің Конгреспен әрдайым барынша ашық қарым-қатынаста болғанын» атап өтіп, «Конгреспен тұрақты байланыстан бөлек, (АҚШ-тың Түркиядағы) Елшісі Баррак, Соғыс министрлігінің өкілдері және Мемлекеттік департамент лауазымдылары да бұл мәселе бойынша Конгреске жеке ақпарат берді», — деді.

“The Wall Street Journal” (WSJ) газеті АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің түріктің әскер ұшағы “KAAN” үшін АҚШ-тан сұралған реактивті қозғалтқыштарды сату мәселесінде Конгресс шешімін айналып өтуді жоспарлап отырғанын және бұл сауданы жүзеге асыру ниетін Конгреске білдіргенін жазған еді.

Газеттің хабарлауынша, Трамп әкімшілігінің бір лауазымды тұлғасы бұл қадамды президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Трамп арасындағы «тығыз қарым-қатынастың» көрсеткіші деп бағалаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп кеше «Түркияға реактивті қозғалтқыш және F-35 сату мәселесінде Анкараға жақсы жаңалықтармен барасыз ба?» деген сұраққа: «Меніңше, солай істеймін. Түркия — НАТО мүшесі. Кейбіреулер Түркияны олай көрмейді, бірақ іс жүзінде солай. Ол — НАТО-ның қуатты мүшесі. Иә, мүмкін оны (президент Ердоғанды) қатты қуантатын бір нәрсе жасаймын», — деп жауап берген болатын.

АҚШ Өкілдер палатасының Демократ мүшесі Грегори Микс те Конгрестің интернет парақшасында жарияланған мәлімдемесінде «Кеше түнде әкімшілік маған түрік армиясына 700 миллион доллардан астам қорғаныс құралдарын жеткізуде Конгресс тексеруін тағы бір мәрте айналып өтетінін хабарлады», — деген сөздерді қолданды.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?