ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді
“TRT World Forum” биыл өзінің 10 жылдығына орай 6-7 қараша күндері Стамбулда «Орталықсыз әлем: Ережелер күшін жойғанда кім көш бастайды?» тақырыбымен өтеді.
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді
"TRT World Forum" 6 және 7 қарашада Стамбулда өткізіледі.

“TRT” таратқан мәлімдемеге сәйкес, 2017 жылдан бері әлемнің жетекші тұлғаларын бір алаңға жинап келе жатқан “TRT World Forum”  биыл да жаһандық диалогты дамытуға үлес қосуды жалғастырады.

6-7 қараша күндері Стамбул конгресс орталығында өтетін форумға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуы жоспарлануда. Іс-шарада ғалымдар, журналистер, спортшылар, өнер қайраткерлері, саясаткерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосып, әлемдегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Көп жылдан бері халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты түрлі көзқарасты тоғыстырып келе жатқан “TRT World Forum”  биыл әлемдегі күштер тепе-теңдігінің өзгеруі мен көшбасшылық ұғымының жаңа сипатына назар аударады.

Соңғы 10 жылда форум аясында 86 ашық және 76 жабық отырыс өткізіліп, 801 спикер мыңдаған қатысушымен кездесті. Бұл түрлі пікірлер мен тәжірибелерді бөлісуге мүмкіндік берді.

Жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі басым бағыттарды айқындауды мақсат еткен биылғы форумда жасанды интеллект, энергетикалық дағдарыстар, халықаралық құқық және экономика мәселелері басты назарда болады.

Форумда «Түркия: өңірлік державадан өңіраралық ойыншыға», «Тәуекелі жоғары дипломатияның қайта оралуы: орта державалар және қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемдік тәртіп», «Халықаралық жүйедегі америкалық парадокс», «Күрделі қалпына келу жолында: Таяу Шығыстағы соғыстардан кейінгі ұлттық экономикалар», «Халықаралық құқық пен гуманитарлық дағдарыс тоғысындағы Газа», «Өзара байланыстардың жаңа геосаясаты: теңіз жолдары, тар өткелдер мен дәліздер», «Алгоритмдер дәуірінде бақылау кімнің қолында? Компаниялар, мемлекеттер және азаматтар», «Энергетикалық дағдарыстардың салдары: қысымға ұшыраған институттар» және «Жасанды интеллект дәуіріндегі жауапкершілікті басқару» тақырыптарында ашық отырыстар өтеді.

Сонымен қатар форум аясында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселелері, Еуразиядағы геосаяси өзгерістер, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Африкадағы дипломатия және геоэкономика сияқты тақырыптар сарапшылардың қатысуымен өтетін дөңгелек үстелдерде талқыланады.

“TRT World Forum” -ға қатысу үшін https://www.trtworldforum.com/register/ сайтына тіркелу қажет.

Іздеу
Министр Фидан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Ирактағы балаларға көмек көрсетті
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты
Президент: «Өткен жылы 10 миллиард долларлық қорғаныс және авиация өнімдерін экспорттадық»
Түркия Израильдің халықаралық құқықты бұзуына қарсы халықаралық қауымдастықты әрекет етуге шақырды
«Түркия мен Армения арасындағы қатынастардың қалыпқа келуі байланыстарды нығайтуға жол ашады»
Түркия АҚШ-тың CAATSA санкцияларын  алып тастауын күтеді
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»