САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Қытайдың АҚШ-қа салған кедендік бажы күшіне енді
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дағдарысы ушығып отыр.
Қытайдың АҚШ-қа салған кедендік бажы күшіне енді
/ AP

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қытай импортына енгізген жоғары кеден салықтарына жауап ретінде Қытай енгізген 84% көлеміндегі тариф бейсенбі күні күшіне енді. Бұл жағдай екі алып экономиканың арасындағы сауда текетіресінің шарықтау шегіне жеткен кезеңге тұспа-тұс келді.

Бұған дейін Қытай Трамптың алғашқы кезеңдегі тарифтеріне жауап ретінде 34% көлемінде қарсы баж жариялап, Трамп бұл шаралардан бас тартпаған жағдайда жауаптық шараларды күшейтетінін ескерткен болатын. Алайда Трамп бұл ескертуді елемей, Қытай импортына салынатын тарифтерді 104%-ға, кейін 125%-ға дейін көтерді.

Осыған жауап ретінде Қытай да АҚШ өнімдеріне 84% кеден салығын енгізіп, АҚШ-тың 18 компаниясын сауда шектеу тізіміне енгізді және бірқатар өзге де қарсы шараны жүзеге асырды.

Қазіргі жағдайға қарағанда екі ел арасындағы сауда соғысы жақын арада тоқтайтын түрі жоқ.

Туындаған тариф қысымын жеңілдету мақсатында Қытай өзге мемлекеттермен сауда келісімдерін нығайтуға күш салып жатқаны байқалады.

Пекин мен Брюссель арасындағы жақындасу

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алдағы аптада Малайзия секілді Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапар жасамақ.

Қытай мен Еуропалық Одақ Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) негіз еткен көпжақты сауда жүйесін бірлесіп қолдауға уәде берді. Бұл келісім Қытай Сауда министрі Ван Вэньтао мен Еуропа комиссиясының Сауда және Экономикалық қауіпсіздік жөніндегі комиссары Марош Шефчович арасында өткен виртуалды кездесу барысында жасалды.

Қытайдың мемлекеттік "Синьхуа" ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауынша тараптар Қытай–ЕО арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ АҚШ енгізген «өзара тарифтеріне» жауап беру сияқты мәселелерді талқылады.

Марош Шефчович АҚШ-тың кедендік тарифтерінің халықаралық саудаға елеулі әсер еткенін және Еуроодақтың Қытайды қоса алғанда ДСҰ-ның басқа мүшелерімен бірге халықаралық сауданың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды