ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мексикада футбол алаңында 11 адам қаза тапты
Билік өкілдері Саламанкадағы футбол алаңында өткен жиын кезінде жасалған қарулы шабуыл салдарынан көптеген адамның қаза тауып, жараланғанын хабарлады.
Мексикада футбол алаңында 11 адам қаза тапты
Мексиканың орталығындағы футбол алаңында болған қарулы шабуылдан 11 адам қаза тапты. / AFP

Жергілікті биліктің мәліметінше, жексенбі күні Мексиканың орталығында орналасқан Гуанахуато штатында футбол алаңына жасалған қарулы шабуыл салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алған.

Шабуыл Саламанка қалашығындағы бір ауданда болған. Қала әкімдігі таратқан мәлімдемеде шабуылға қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін арнайы операция басталғаны айтылды.

Мәлімдемеде: «11 адамның қаза тапқаны расталды. Олардың 10-ы оқиға орнында, ал біреуі ауруханада ем қабылдап жатқан кезде көз жұмды. 12 адам болса оқ жарақатын алып, емделіп жатыр», – делінген.

Сол қалашықта сенбіге қараған түні адам денесінің бөлшектері салынған төрт сөмке де табылғаны хабарланды.

Өнеркәсібі дамыған, сондай-ақ бірнеше танымал туристік нысаны бар өңір болғанына қарамастан Гуанахуато қылмыстық топтар арасындағы қақтығыстарға байланысты елдегі ең қауіпті штат болып отыр.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум жыл басында ұлттық қауіпсіздік стратегиясының арқасында 2025 жылы елдегі кісі өлтіру деңгейі соңғы он жылдағы ең төмен көрсеткішке түскенін хабарлады.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті