ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Аустралия мен Үндістан қорғаныс келісіміне қол қойды
Канберра мен Жаңа Дели арасындағы қорғаныс пакті әскери ынтымақтастықты үйлестіруге бағытталған.
Аустралия мен Үндістан қорғаныс келісіміне қол қойды
Бұл келісім Үндістанның аймақтық стратегиялық әріптестіктердегі артып келе жатқан рөлін көрсетеді. / AP

Аустралия мен Үндістанның қорғаныс министрлері бейсенбі күні Аустралия Үнді-Тынық мұхиты тұрақтылығын қолдайтынын атап өтіп, жаңа екіжақты қауіпсіздік келісіміне қол қойды.

Аустралияның қорғаныс министрі Ричард Марлестің хабарлауынша, Раджнатх Сингх – 2013 жылдан бері Аустралияға ресми сапармен келген алғашқы үнді қорғаныс министрі. Марлестің кеңсесі таратқан хабарламада: «Аустралия мен Үндістан жоғары деңгейдегі қауіпсіздік серіктестері және біздің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымыз Үнді-Тынық мұхитының тұрақтылығын қолдау үшін нақты нәтижелер беруде», – делінген.

Марлес пен Сингх екі армия арасындағы бірлескен кадрлық кеңестерді өткізуге арналған форум құруды және суасты қайықтарын құтқару бойынша ынтымақтастықты қамтитын келісімге қол қойды.

Марлес қол қою рәсіміне дейін: «Бүгінгі қол қойылатын екіжақты келісімдер біздің қорғаныс серіктестігіміздің айтарлықтай өскенін және болашақтағы ортақ мақсаттарымызды көрсетеді», – деді.

Шілде айында Үндістан алғаш рет Аустралияда екі жыл сайын өткізілетін көпұлтты “Talisman Sabre” әскери оқу-жаттығуларына қатысты. Бұл екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы қатынастардың одан әрі жақындағанын айғақтады.

“Talisman Sabre” оқу-жаттығулары алғаш рет 2005 жылы АҚШ пен Аустралия арасында басталған болатын. Биыл оған 19 елден 35 мыңнан астам әскери қызметкер қатысты.

Үндістанның АҚШ–Қытай бәсекесіндегі рөлі

Үндістан мен Аустралия АҚШ және Жапониямен бірге “Quad” деп аталатын одақтың мүшелері.

Шілде айында төрт елдің сыртқы істер министрі Вашингтонда кездесіп, Үнді-Тынық мұхит аймағында теңіз қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде шешім қабылдады.

Аустралияның Стратегиялық саясат институтының аға ғылыми қызметкері Раджи Раджагопалан Сингхтің Аустралияға сапарын әрі символдық, әрі практикалық тұрғыдан «аса маңызды» деп бағалады. Ол 12 жыл бойы үнді қорғаныс министрінің Аустралияға келмегенін, ал Марлестің Үндістанға жоғары деңгейлі кездесулер үшін бірнеше рет барғанын атап өтті.

Раджагопаланның айтуынша, Үндістан мұндай екіжақты қарым-қатынастарды Қытай мен АҚШ арасындағы Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы стратегиялық бәсекеде белгілі бір рөл атқару үшін пайдаланып отыр: «Үндістанның АҚШ-қа қаншалықты жақындай алатыны көптеген тарихи сенімсіздікке байланысты. Алайда Үндістан Қытайды өзінің №1 ұлттық қауіпсіздік мәселесі ретінде прагматикалық тұрғыдан мойындап отыр және бұл мәселені басқару үшін АҚШ-пен жұмыс істеу қажет екенін жақсы түсінеді», – деді ол.

Аустралия сондай-ақ Оңтүстік Тынық мұхиты аралдарындағы көршілерімен екіжақты қауіпсіздік байланыстарын нығайтуда.

Дүйсенбі күні ел Папуа–Жаңа Гвинеямен екі елдің қорғаныс жүйелерін біріктіруді көздейтін қорғаныс келісіміне қол қойды.

Бұл – Аустралияның 1951 жылы АҚШ және Жаңа Зеландиямен қол қойған ANZUSкелісімінен бөлек, одақ деңгейінде жасаған жалғыз қауіпсіздік келісімі болып отыр.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады