МӘДЕНИЕТ
1 ... минут оқылды
«Талтүс» романы түрік тілінде жарық көрді
Қазақ мәдениетінің біртуар тұлғасы, теңдесі жоқ өнер қайраткері, қаламгер-ойшыл Таласбек Әсемқұловтың шығармасы түрік оқырмандармен табысты.
«Талтүс» романы түрік тілінде жарық көрді
«Талтүс» романы түрік тілінде жарық көрді / TRT

Анкарадағы Аднан Өтүкен атындағы кітапханада Қазақстанның көрнекті жазушыларының бірі, домбыра шебері және музыкатанушы Таласбек Әсемқұловтың өмірбаяндық романы «Талтүс» романының тұсаукесері өтті. Шараны Көкту қазақ мәдениеті қоғамы ұйымдастырды.

Роман қазақ халқының рухын, тарихын, музыкасын баяндауымен ерекшеленеді.

Кітапты жазушының серігі, әрі мәдениет танушы,  ғалым, жазушы Зира Наурызбай таныстырды.

Шарада Таласбек Әсемқұловтың тек жазушы ғана емес, жан-жақты зиялы, күйші, домбыра шебері, композитор, кинодраматург, сыншы, өнертанушы, зерттеуші, кәсіби аудармашы екені баса айтылды.  

«Шебердің көзі тірісінде жарық көрген жалғыз романы «Талтүс» қазақ халқының рухын, тарихын, музыкасын терең сезімталдықпен жеткізеді. Онда Таласбек Әсемқұлов күйді — Жаратқанның үні саналатын киелі музыканы баяндау тіліне айналдырады. Роман жеке адамның оқиғасы ғана емес; сонымен бірге  өткен ғасырдың ауыртпалығын, халықтың күнкөріс күресін, домбыраның қазақ тарихындағы киелі орны мен мәнді маңызын баяндайтын мәдени эпос» деді романның аудармашысы сөз кезегінде.

Тұсаукесерге түріктің мәдениет, өнер және медиа өкілдері, түрлі бірлестіктер мен әдебиет сүйер қауым, сонымен бірге қазақстандық жастар қатысты.

Іздеу
Президент Ердоған Сеулге барды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді