ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Кубада жүз мыңдаған адам АҚШ санкцияларына қарсы шеруге шықты
Экономикалық дағдарыс күшейіп тұрған Кубада халық Трамп әкімшілігімен шиеленістің артқан кезеңінде Гаванадағы Революция алаңында жаппай наразылық шеруін өткізді.
Кубада жүз мыңдаған адам АҚШ санкцияларына қарсы шеруге шықты
/ AP

Жүз мыңдаған кубалық 1 мамыр күні Гаванада өткен митингке қатысып, АҚШ-тың 60 жылдық сауда эмбаргосы мен халықаралық медициналық миссияларына қойған шектеулеріне наразылық білдірді.

Бейсенбі күні өткен бұл митинг елде 2022 жылдан бері өткізілген алғашқы ірі шеру болды. Алайда терең экономикалық дағдарысқа тап болған коммунистік елде жанармай тапшылығына байланысты бұған дейін де шағын шерулер болған еді.

Наразылық білдірушілер атақты Малекон жағалауы бойынан бастап үкіметтің орталығы саналатын Революция алаңына дейінгі кең көшелерге жиналды.

Дәрігерлер мен медбикелерден құралған бір топ шеруші ұлттық қаһарман Хосе Марти ескерткішінің жанынан өтіп, «Блокада жойылсын» және «Еркін Куба жасасын» деп ұрандады.

Шеруді Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастроның інісі, бұрынғы президент Рауль Кастро мен қазіргі президент Мигель Диас-Канель тамашалады.

Трамптың аралға бағытталған санкциялары

АҚШ президенті Дональд Трамп қызметке кіріскен күні өзінен бұрынғы президент Джо Байденнің Кубаны «терроризмді қолдайтын елдер» тізімінен шығару туралы шешімін кері қайтарып, аралға қарсы қатаң санкциялардың жолын ашты.

Бір айдан кейін АҚШ әкімшілігі Кубаның шетелге дәрігер жіберу бағдарламасына қатысты виза шектеулерін күшейтті. Бұл бағдарлама Кубаға маңызды валюталық кіріс әкелетін, әрі елдің ықпалын арттыратын ондаған жылдық бастама болатын, бірақ Вашингтон оны «мәжбүрлі еңбек» деп сипаттады.

“AFP” агенттігіне сұхбат берген жасы 50-дегі зертхана технигі Александр Гарсия балдаққа сүйеніп митингке қатысты. Ол: «Бүгін осында келіп, революцияны қорғау — маңызды қадам», — деді.

Куба Жұмысшылар Орталық одағының жетекшісі Улисес Гиларте Трамп әкімшілігін «ашаршылық тудырып, елді тұрақсыздандыруға әрекет жасауда» деп айыптады.

Гиларте Вашингтонның Кубаның медициналық бригадалары бағдарламасына қарсы жүргізіп жатқан науқанын «адамгершілікке жат» деп атады.

 

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді