Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясының Тақ мұрагері ханзадасы Мұхаммед бин Салманмен телефон арқылы сөйлесті. Коммуникация басқармасы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда, телефон әңгімесінде аймақтағы соңғы оқиғалар мен Сауд Арабиясына бағытталған шабуылдар талқыланды.
Президент Ердоған Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бин Салманға Түркия ретінде Сауд Арабиясы жерлерін нысанаға алған хоусит шабуылдарын қатал айыптайтындарын жеткізді, қаза тапқандар үшін қайғырып көңіл айтты.
Ердоған Түркияның алдағы кезеңде де Сауд Арабиясының қасынан табылатынын және бұл сынақтың еңсерілетініне сенімді екенін білдірді.
























