САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Сеул Пхеньянның жетінші ядролық сынақ өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Барлау агенттігінің өкілдері парламент комитетіне Ким Чен Ын шешім қабылдаса, Пхеньян жаңа ядролық сынақ жүргізуі мүмкін екенін айтты.
Сеул Пхеньянның жетінші ядролық сынақ өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Сеул Пхеньянның жетінші ядролық сынақ өткізуге дайын екенін мәлімдеді / Reuters

«Yonhap» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның барлау агенттігі сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Солтүстік Корея жетінші ядролық сынаққа дайын екенін және Ким Чен Ын шешім қабылдаған жағдайда оны тез арада жүзеге асыра алатынын хабарлаған.

Қорғаныс барлау агенттігінің өкілдері Парламенттің Барлау комитетінің жабық отырысында депутаттарға брифинг өткізіп, өз бағалауларын мәлімдеген.

Биліктегі Демократиялық партияның депутаты Пак Сон-вон мен оппозициядағы Халық күші партиясынан Ли Сон-гвён кездесуден кейін журналистерге:

«Егер Ким Пунггери полигонындағы №3 туннельді пайдаланып ядролық сынақ жүргізуге шешім қабылдаса, бұл қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылуы мүмкін»,- деді.

Есепке сәйкес Пхеньян ядролық материалдарды қорғау шараларын күшейтіп қана қоймай, ядролық оқтұмсықтар өндіруге арналған түрлі нысандар салып жатыр. Солтүстік Корея соңғы рет 2017 жылы жерасты ядролық сынағын өткізген болатын.

Есепке қарағанда, Солтүстік Корея жоғары сапада суреттер алу үшін тағы бір барлау спутнигін ұшыруға дайындалуда.

Пхеньян 2023 жылы алғашқы әскери барлау спутнигі «Malligyong-1»-ді ұшырған болатын. 2024 жылы тағы үш спутникті орбитаға ұшырамыз деп уәде берген еді. Алайда 2024 жылдың мамырында зымыран ұшқаннан кейін көп ұзамай жарылып, содан бері жаңа спутник ұшырылмады.

Солтүстік Корея ядролық бағдарламасына байланысты 2000-жылдардың ортасынан бері БҰҰ санкцияларының қыспағында. Пхеньян бұл бағдарламаны ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды деп есептейді және оны тоқтатудан бас тартып отыр.

Дональд Трамп жексенбі күні Солтүстік Кореяның ядролық қару сынақтарын өткізген жалғыз ел емес екенін, Ресей мен Қытай да осындай сынақтар жүргізгенін айтқан болатын.

Трамп өткен ай Азияға жасаған сапары алдында Солтүстік Кореяны “ядролық держава” деп атап, Ким Чен Ынмен кездесуге ашық екенін мәлімдеді.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты