ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
"АҚШ пен Түркия арасындағы қатынас қайта нығаюы керек"
АҚШ-тың Түркиядағы жаңа елшісі Томас Баррак президент Трамптың Түркия -Америка қатынасын нығайтуды мақсат ететінін мәлімдеді. Ол екі ел арасындағы қарым-қатынасты «лайық деңгейге» көтеру үшін жұмыс істейтіндерін баса айтты.
"АҚШ пен Түркия арасындағы қатынас қайта нығаюы керек"
/ AA

АҚШ президенті Дональд Трамптың мақсаты – Түркия мен АҚШ арасындағы одақтастықты «лайықты деңгейге» көтеру екенін АҚШ-тың Түркияға жаңадан тағайындалған елшісі мәлімдеді.

«Мен президент Трамптан өте қарапайым хабармен келдім... ол Түркия мен АҚШ арасындағы одақтастықты лайықты деңгейге көтеруді қалайды», – деді Томас Баррак дүйсенбі күні Анкарадағы Эсенбога әуежайында журналистерге.

«Президенттің мақсаты – екі ұлы халықтың көшбасшылары арқылы бейбітшілік пен өркендеуді жеделдету, бұл Түркия мен АҚШ-ты ұлырақ, ал әлемді жақсырақ етеді», – деді ол.

Өткен аптада АҚШ Сенаты Барракты Түркиядағы елші ретінде 60-қа 36 дауыс нәтижесімен бекіткен болатын.

Түркияның стратегиялық маңызы

Трамптың ұзақ жылдар бойғы досы және белгілі кәсіпкер Баррак екі ел арасындағы қарым-қатынастар өзгеріп жатқан кезеңде Анкарадағы қызметіне кіріседі.

Өткен айда Сенаттың Сыртқы қатынастар комитетінде өткен бекіту тыңдауында Баррак Түркияның АҚШ-тың одақтасы ретіндегі стратегиялық маңыздылығын атап өткен болатын.

78 жастағы Баррак Оңтүстік Калифорнияда туып-өскен. Ол Оңтүстік Калифорния университеті мен Сан-Диего университетінің құқық факультетін бітірген.

Трамппен тығыз байланыстары арқылы танымал Баррак 2017 жылы президенттің инаугурациялық комитетін басқарған және 2016 жылғы сайлау науқанының негізгі кеңесшісі болған.

Баррак 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін қызмет еткен елші Джефф Флейктің орнына келді. Флейк кетукеннен кейін бұл орын бос қалған болатын.

Ердоған мен Трамптың «өте нәтижелі» келіссөздері

Дүйсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Трамппен телефон әңгімесін «өте нәтижелі, жан-жақты және шынайы» деп бағалады.

«Бүгін менің АҚШ президенті, құрметті досым Дональд Трамппен телефон дағы әңгімем өте нәтижелі, жан-жақты және шынайы болды», – деп жазды Ердоған “X” желісіндегі парақшасында.

«Жақын арада досым Трамппен кездесемін деп үміттенемін», – деді Ердоған. Ол кездесудің «елдер үшін жақсы нәтижелер әкеледі» деп сенетінін білдірді.

Ердоған екі ел арасындағы байланыстарды, әсіресе қорғаныс өнеркәсібі мен сауда саласында нығайтуға өзара ниеттерін растағандарын айтты.

Екі көшбасшы Түркия-АҚШ екіжақты қатынастары, Газа соғысы, аймақтық және жаһандық оқиғалар туралы бірқатар тақырыптарды талқылады.

Іздеу
Түркия Нью-Йоркте COP31 мақсаттарын таныстырды
Президент Ердоған БҰҰ-ны реформалауға шақырды
Президент Ердоған Түрік үйінде бірқатар кездесу өткізді
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы министрлері бас қосты
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Президент Ердоған БҰҰ мінберінен әлемге үн қатады
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады