САЯСАТ
1 ... минут оқылды
"Лукойл" АҚШ пен Ұлыбританияның жаңа санкцияларынан кейін шетелдік активтерін сатуға ниетті
"Лукойл" активтерді сату АҚШ Қазына министрлігінің белгілі уақытпен шектеулі мәмілелер жасауға мүмкіндік беретін лицензиясы аясында жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Лукойл" АҚШ пен Ұлыбританияның жаңа санкцияларынан кейін шетелдік активтерін сатуға ниетті
"Лукойл" АҚШ пен Ұлыбританияның жаңа санкцияларынан кейін шетелдік активтерін сатуға ниетті / Reuters

Ресейлік энергетикалық компания «Лукойл» АҚШ пен Ұлыбритания енгізген соңғы санкциялардан кейін шетелдік активтерін сатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Лукойл» мәлімдемесінде «Компания мен оның еншілес ұйымдарына қарсы бірқатар ел тарапынан шектеу шаралары енгізілгендіктен, компания халықаралық активтерін сатуды жоспарлап отырғанын хабарлайды», – деп атап өтті. Сонымен қатар әлеуетті сатып алушылардың ұсыныстарын қарау басталғанын да мәлімдеді.

Компания активтерді сату процесі АҚШ Қазынашылық министрлігі Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) берген уақытша лицензия аясында жүзеге асырылып жатқанын айтты. Бұл лицензия шектеулі уақыт ішінде шектеулі транзакцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар компания халықаралық активтерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін лицензия мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыратынын да мәлімдеді.

Қатаң санкциялар

Вашингтон жақында «Лукойл» мен «Роснефть» компанияларына және олардың 34 еншілес ұйымына қарсы санкция енгізді. Бұл шаралар АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейдің энергетикалық секторын нысанаға алған жаңа қадамдарының бір бөлігі болып табылады.

Ұлыбритания үкіметі де қазан айының ортасында «Лукойл» компаниясын санкциялар тізіміне енгізді.

Санкциялар жарияланғаннан кейін өткен аптада «Лукойл» компаниясының нарықтық құны күрт төмендеп, шамамен 3,7 миллиард доллар жоғалтты.

Сарапшылар бұл шектеулер Ресейдің энергетикалық экспортын әлсіретіп, логистика мен бағаға қосымша қысым көрсетуі мүмкін деп ескертті.

Іздеу
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады
БҰҰ Ресей мен Украинаның бір-біріне жасаған шабуылдарына алаңдаулы
Украина келіссөз делегациясы ертең Виткофф және Кушнермен кездеседі
«АҚШ күштері Иранға соққы беру жоспарын әзірлеуде»
Гутерриш Пәкістанның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті
АҚШ Иранға сайлауға дейін соққы беруі мүмкін
Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды